Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Көкшетауда ірі қаржы пирамидасы анықталды: 136 миллион теңге жымқырылған
Жаңалықтар

Көкшетауда ірі қаржы пирамидасы анықталды: 136 миллион теңге жымқырылған

13.10.2025
мин
0
166
Сурет: ҚМА

Көкшетауда 136 миллион теңге жинаған қаржы пирамидасы әшкере болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Көкшетау қаласында жұмыс істеген «S-Group» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшыларына қатысты тергеуді аяқтады.

Тергеу деректеріне сәйкес, ұйымдастырушылар «S-Pharmaceutical» және өзге де жобаларға медициналық каннабис өндірісі мен дистрибуциясына инвестиция тарту сылтауымен азаматтарды алдаған. Олар салымшыларға әрбір жаңадан тартылған қатысушыға салым сомасының 5 пайызы мөлшерінде кепілдендірілген табыс уәде еткен.

Қаржы пирамидасына қатысу үшін сайт арқылы тіркеліп, кемінде 100 АҚШ долларынан бастап салым жасау талап етілген.

Күдіктілердің бірі бұған дейін «Life Is Good» және «Finiko» қаржы пирамидаларына қатысып, сол жерден табыс тауып, кейін ұқсас схема арқылы өз жобасын құрған.

Нәтижесінде «S-Group» қаржы пирамидасына 59 азамат тартылып, олар жалпы 136 миллион теңгеден астам қаражат салған, - делінген ақпаратта.

Күдіктілер салымшылардың ақшасына елордадан екі пәтер мен автотұрақ орнын сатып алған. Бұл мүлікке соттың санкциясымен тыйым салынды.

Үш ұйымдастырушыға қатысты қозғалысын шектеу және тәртіп сақтау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл