Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Көктөбе" телемұнарасына жарық беру кестесі өзгереді

18.12.2024
мин
0
342
Сурет: Алматы әкімдігі

Алдағы мереке күндеріне байланысты "Көктөбе" телемұнарасының жарықтандыру уақыты өзгереді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық әкімдік мәлім етті.

– 20 желтоқсаннан бастап «Көктөбе» телемұнарасының мультимедиялық жарықтандыруы күн сайын сағат 17:00-ден 01:00-ге дейін қосылады, ал 01:00-ден 05:00-ге дейін ғимараттың қасбеті негізгі жарықпен жарқырайды. Бұған дейін телемұнараның сәулеттік-көркем жарықтандыруы сағат 20:00-де қосылатын, – деді қалалық әкімдік.

Қаланың басты символы әрі танымал көрікті орны ерекше жарық шамдармен безендірілетін болады.

Биіктігі 370 метрден асатын телемұнара 185 TLOS-H прожекторы арқылы түрлі сәуле тарату бұрыштарымен жарықтандырылады. Сонымен қатар, мұнараның 10 деңгейін қамтитын LED модульдері бар жарық сызықтарынан құралған медиафасадпен жабдықталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл