Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді
Жаңалықтар

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді

26.07.2023
2 мин
0
385
Фото: gov.kz

Қазақстан Үкіметі Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жоспар салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге, тиімді бәсекелестік пен бюджетті бөлуге, халықты заңсыз бизнестен қорғауға және т. б. бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асыруды көздейді.

Мәселен, 2025 жылға қарай көтерме және бөлшек саудадағы көлеңкелі айналымды 5%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. 2022 жылы бұл көрсеткіш 6,7%-ды құрады. Көлік және қоймалау саласында 2,4% (2022 жылы – 3,2%) көрсеткішке қол жеткізу жоспарланған.

Жоспарды іске асыру бейресми жұмыспен қамтуды азайтуды және заңсыз әрекеттердің жолын кесуді көздейді. Елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 2022 жылғы 36%-дан 2025 жылы 37,5%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Кешенді жоспар ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде әзірленді.

Жоспарды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірледі. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
299
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл