| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Соңғы бес күнде елімізде көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, қайта рөлге отырған 245 жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Олардың 115-і әкімшілік қамаққа алынса, 130-на айыппұл салынды. Сонымен қатар 245 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
ІІМ мәліметінше, сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылған азаматтардың рөлге отыруына қатаң тыйым салынады. Мұндай құқық бұзушылықтарға қатысты полиция заң аясында қатаң шара қолданады.
Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және өзге адамдардың өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.