Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев 78 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу нұсқасы бойынша, бұл қаражат ұлының Ұлыбританиядағы оқуына және тұрмыстық қажеттіліктеріне жұмсалған.
Құқық қорғау органдарындағы дереккөз бұл ақпаратты растағанымен, ресми түсініктеме әзірге берілген жоқ.
Сәтжан Аблалиев 2023 жылғы қазан айынан бастап көлік вице-министрі қызметін атқарып келеді.
Ол Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Биікжал ауылында дүниеге келген. Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақ көлік және коммуникациялар университетін тәмамдаған. Мамандығы – инженер-құрылысшы және инженер-экономист.
Еңбек жолын 1987 жылы Оңтүстік Ембі мұнайбарлау экспедициясының орталық инженерлік-техникалық қызметінде оператор-коллектор болып бастаған.
1996–2004 жылдары Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында оқытушыдан оқу бөлімін басқарушыға дейінгі қызметтер атқарды.
2004–2011 жылдары Көлік және коммуникациялар министрлігінің құрылымдарында түрлі жауапты лауазымдарда болып, баға белгілеу, жобалау, құрылыс және қайта жаңғырту, сыртқы қарыздар мен концессиялық жобалар бағыттарына жетекшілік етті. Сонымен қатар Қазақстан жолшылары қауымдастығын басқарған.
2012–2021 жылдары – Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары,
2021–2023 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың қазанында көлік вице-министрі лауазымына тағайындалған.