Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Көліктегі қауіпсіздік пен цифрландыру жөніндегі V Еуразиялық форум өз жұмысын бастады
Жаңалықтар

Көліктегі қауіпсіздік пен цифрландыру жөніндегі V Еуразиялық форум өз жұмысын бастады

04.10.2024
1 мин
0
100
Сурет: Көлік министрлігі

Бүгін Алматыда Көліктегі қауіпсіздік пен цифрландыру бойынша V Еуразиялық форум өз жұмысын бастады. Ол көлік саласының өкілдерін қозғалыс қауіпсіздігі мен цифрлық технологияларды енгізу мәселелерін талқылау үшін біріктірді. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев форумның ашылуында онлайн форматтағы құттықтауында, министрліктің көлік саласын цифрландыруға бағытталған бірқатар маңызды жобалары туралы айтты. Атап айтқанда, ол өтініш берусіз-ақ азаматтарға жеңілдетілген жол жүру билеттерін автоматты түрде беруге мүмкіндік беретін проактивті форматқа көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Сәтжан Аблалиев жол жабынын қорғау шараларына да тоқталып өтті. Осы орайда ведомство жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жолдарға түсетін жүктемені бақылау мақсатында жүк автокөлігінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған станцияларды орнатуға кірісті.

Биыл еліміздің бас қаласы - Астанаға кіреберістерде осындай жеті станция орнатылды. Алдағы жылдары олардың санын республикалық жолдарда 70-ке, облыстық және жергілікті автодораларда 150-ге дейін арттыру жоспарлануда, - деп атап өтті вице-министр.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл