| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
ІІМ коммуналдық қызмет атын жамылған алаяқтардан сақ болуға шақырады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Соңғы уақытта алаяқтар өздерін жылу қызметінің мамандары ретінде таныстырып, тұрғындарға қоңырау шалуда. Олардың негізгі мақсаты — азаматтардың жеке мәліметтеріне, банк шоттарына немесе аккаунттарына қол жеткізу.
Алаяқтар әдетте мынадай сылтауларды қолданады:
жылу есептегішін тіркеу қажет;
сіз өтініш қалдырғансыз;
құжаттарыңызды жаңарту керек;
берешегіңіз бар;
жеңілдік рәсімдеу қажет.
Одан кейін олар телефонға келген SMS-кодты айтуды сұрайды. Есте сақтаңыз: SMS-кодты ешкімге беруге болмайды.
Алаяқтар бұл код арқылы:
банк қосымшаларына кіруге;
мемлекеттік сервистердегі аккаунттарға қол жеткізуге;
сіздің атыңыздан заңсыз әрекеттер жасауға әрекет етуі мүмкін.
Өзіңізді қорғау үшін:
телефон соққан адамның кім екенін міндетті түрде тексеріңіз;
SMS-кодты, банк картасының деректерін, CVV-кодты және басқа да жеке мәліметтерді ешкімге айтпаңыз;
күмәнді жағдайда әңгімені тоқтатып, ұйымның ресми байланыс нөміріне өзіңіз хабарласыңыз;
бейтаныс адамдардың нұсқауымен қосымшаларды жүктемеңіз және күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.
Полиция коммуналдық қызмет өкілдерінің тұрғындардан телефон арқылы SMS-кодтарды сұрамайтынын ескертеді.
Егер осындай қоңырау келсе:
әңгімені бірден тоқтатыңыз;
SMS-кодты айтпаңыз;
жақындарыңызға ескертіңіз;
алаяқтық әрекет болған жағдайда полицияға хабарласыңыз.
Сақ болыңыз! Бір ғана SMS-кодты айту арқылы қаражатыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.