Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Конституцияны жатқа білетін студент тегін оқуға сертификат алды
Жаңалықтар

Конституцияны жатқа білетін студент тегін оқуға сертификат алды

29.08.2023
1 мин
0
857
Фото: zakon.kz

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Атаулы күнге орай, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ақылы бөлімде оқитын студенттер арасында дәстүрлі «Мен Конституцияны жатқа білемін!» конкурсын өткізді, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Шараның мақсаты - Конституция күнін атап өту, Ата заңды ұлықтап, жастардың құқықтық сауатын арттыруды көздейді. Конкурсқа қатысуға әртүрлі мамандықта оқитын 250 студент ниет білдірген.

Қатысушылар конкурстың алғашқы кезеңінде Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін білу деңгейін анықтау үшін 25 сұрақтан тұратын сауалға жауап берді. Ал, екінші кезеңге сүрінбей өткендер, Ата заңның баптарын жатқа айтудан жарысты. Конкурсқа Атырау қалалық соттың судьясы, прокурор және жеке сот орындаушы, университеттің азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтады.

Конкурс қортындысы бойынша 3 орынды (30 пайыз жеңілдік) «Экология» мамандығының студенті Ботакөз Интимахова, 2 орынды (50 пайыз жеңілдік) қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Медина Әбдеш алды. Ал бас жүлдені азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Жәңгір Темірханов бір жылдық оқуын тегін оқуға сертификат алды.

Дәстүрге айналған конкурс келесі жылда да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл