Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Көпбалалы аналар оқиды: Дариға Назарбаева жаңа орталыққа барды
Жаңалықтар

Көпбалалы аналар оқиды: Дариға Назарбаева жаңа орталыққа барды

05.07.2020
1 мин
11
1520

Тұңғыш президент қорының директоры Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтандағы "Қамқорлық" коворкинг орталығының ашылу салтанатына қатысты. 

"Мұнда көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар, ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелейтін әйелдер, тұрмысы төмен азаматтар мен ауыр тұрмыстық жағдайда өмір сүретін балалар, мүгедектер оқытылады", - деп мәлімдеді қордың баспасөз қызметінен.

Орталық қабырғасында жүзеге асырылатын жобалардың бірі – "Кәсіпкер ана", авторы – Жастар конгресінің өкілі Айнұр Жүнербаева.

Кезінде ол жеке кәсібін бастап, оны кеңейтті. Енді, орталық жұмысы арқылы  өз тәжірибесімен бөліскісі келеді.

Дариға Назарбаева орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысып, кабинеттерді қарап шықты. Орталық басшылығымен әңгімелесу барысында Назарбаева инфекциядан қорғау, жұмыс гигиенасы және білім алушылар үшін әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету тұрғысынан жұмыс орындарының қауіпсіздігіне ерекше назар аударды.

Орталық 7 бағыт бойынша тренинг өткізеді:

  • тамақ өнеркәсібі;
  • IT-индустрия;
  • сұлулық индустриясы;
  • тігін ісі;
  • киіз басу өнері және тағы басқа.

Бұған қоса, әйелдер үшін әлеуметтік және психологиялық сауаттылықты арттыру тренингтері өткізіледі. Орталық аумағында балаларға арналған бөлме де бар.

Жылына 1800 әйелді оқыту жоспарланып отыр. Курс мерзімі бір айдан үш айға дейін созылады. Курс соңында сертификат беріледі.

Орталықтың ақпаратынша, оқуды аяқтағаннан кейін қатысушылардың "Еңбек" бағдарламасы бойынша өз кәсібін ашып, 505 мың теңге грант алуға мүмкіндігі бар.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
11 Пікір
С
Салтанат 06.07.2020
Жақсы жоба екен.Болашағы мықты болсын!Оқығымыз келеді қалай тіркелімін!
Жауап беру
Ж
Жансая 05.07.2020
3баласы барлар я комекке,я осындай окуларга ілікпеймізба?бізге де бір жағдайлар жасалса керемет болар еді. Бала кутімінде
Жауап беру
Н
Нагима 05.07.2020
Оте дурыс екен барып окимыз ба алде интернет аркылы ма ?? И адреси кайда екен и тел
Жауап беру
Ж
Жулчиева Камила 05.07.2020
Керемет окыр едик кай калада
Жауап беру
С
Санам 05.07.2020
.Тігін.киіз басу өнеріне қызығамын.Алматыда барма?
Жауап беру
М
Меруерт 05.07.2020
Саламатсыздарма? Тек Нұр Сұлтанда ғана оқима əлде Алматы облысында да барма?Үшқоңыр ауылында тұрамыз.Мен оқығым келеді.Өзім үшінші топ мүгедегімін.
Жауап беру
Г
Гульнур 05.07.2020
Қай жерде екен ? Қашаннан бастап ашылады?
Жауап беру
А
Актолкын 05.07.2020
Менин 5балам бар Шымкент каласынан ашылса тегин болса окыитын едим
Жауап беру
А
Аижамал 05.07.2020
Мен де 8 баланын анасымын Шымкент те болса окитын едим
Жауап беру
Г
Гульзира 05.07.2020
Копбалалы ана Алматы каласында бир курс тегин окымаппыз.
Жауап беру
Г
Гүлнара 05.07.2020
Барлық қалада оқытыладыма. Копбалалы анамын. Тегін оқытадыма екен
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл