Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

Көпбалалы отбасы балалары жазғы лагерьге тегін жолдаманы қалай алады

19.05.2022
1 мин
24
10041

Көпбалалы отбасы балалары жазғы лагерьге тегін жолдаманы қалай алады? Бұл сауалға БҒМ балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули жауап берді.

Оның айтуынша, ең алдымен білім мекемесінің бірінші басшысының атына өтініш жазу керек. 

Жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама мына санаттағы отбасы балаларына беріледі:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; 

- жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға; 

- жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға; 

- төтенше жағдай салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасынан шыққан балаларға;

- мектептің қамқоршылық кеңесі анықтайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге. 

«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және жолдама беру жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде және олардың қаражатына байланысты үлестіріледі. Жазғы уақытта 11 мыңнан астам мектеп жанындағы және қала сыртындағы сауықтыру лагері жұмыс істейді. Биыл өткен жылмен салыстырғанда жарты миллион немесе 500 000-ға артық бала лагерьде демалады. Ал жазғы сауықтыру демалысымен қамтылатын балалардың жалпы саны 2 млн 300 мыңнан асады»,- дейді балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.
24 Пікір
Т
Тоғжан 29.06.2022
Лагер кашан басталады екен. Және неше кун ?
Жауап беру
Т
Тогжан 28.06.2022
Кайдан билемиз
Жауап беру
С
Салтанат 26.05.2022
Лагерьге қандай құжат қажет? Қайда өткіземіз?
Жауап беру
С
Салтанат 26.05.2022
Лагерьге қандай құжат қажет? Қайда өткіземіз?
Жауап беру
А
Айнұн 21.05.2022
Не жетіскен лагерь дейсің сенбеймін сол лагерьге
Жауап беру
А
Айдамал 20.05.2022
Саламатсыздарма менде көп балалы анамын жолдасым екеумыз жумыссызбыз баруына болама
Жауап беру
М
Маншук 20.05.2022
Меним еки улым бар куйеуим кайтыс болган лагерге бара алама
Жауап беру
А
Алтынай 20.05.2022
Саламатсызба Менде копбалалы анамын алты балам бар.Осындай Тегин Калай аламыз
Жауап беру
С
Сандуғаш 20.05.2022
Саламатсыз ба? 6-балам бар. Үйіміз атымызда ештеңе жоқ. Бірақ жұмысымыз бар. Балаларым жазғы демалысқа бара алады ма?
Жауап беру
Ж
Жулдыз 20.05.2022
Салематсызба көп балалы анамын балдарым лагерге баралама
Жауап беру
Г
Гульжанат 20.05.2022
Көпбалалылар деп жазасыздар, мәтінде басқа санаттағы балалар
Жауап беру
С
Салтанат 20.05.2022
Салеметсиз бе көп балалы анамын бізге бола ма? Балдарымыз баруға жауап берсеңіз
Жауап беру
Э
Элмира 20.05.2022
Мен кызымды жіберсем дебедім көббалалымын
Жауап беру
В
Винера 20.05.2022
Салеметсиздерме мен коп балалымын баламды лагерге берсе болама
Жауап беру
М
Мақпал 20.05.2022
Күміс алқасы бар көп балалы аналардың балдары ше неге тізімде жоқ?
Жауап беру
О
Оразбек Кайникамал 20.05.2022
Сәлеметсіздерме Алтын көміс алатын көпбалалы балалар жаздық лагерге қалаи баралы мұнда бұл туралы аитпадыңздрғои?
Жауап беру
Б
Баян 19.05.2022
Мектеп мұғалімімен ,сынып жетекшілерінен хабарласып сұрасаңыздар айтады.
Жауап беру
М
Марианна 19.05.2022
Толык емес отбасымыз.8жаста кызымды осы лагерьге бере алам ба? Болса кай жерге жазу керек заявление?
Жауап беру
Г
Гүлзат 19.05.2022
Соны айтам түк түсініксіз қалай өтініш береді деп алып ештеңе жазбаған
Жауап беру
А
Ақсамал 19.05.2022
Өтінішті қай жерге береміз. Мен ба жалғыз түсінбеген?
Жауап беру
19.05.2022
Мектептегі социологқа өткізесіз
Жауап беру
И
Индира 19.05.2022
Толық емес отбасы болса 2 бала бар. Олар неге қосылмайды?
Жауап беру
Б
Ботагөз 19.05.2022
Алтын алқасы бар ата аналардың балаларына баралама лагерге бару тегінбе
Жауап беру
Э
Эльмира 19.05.2022
Асп алмайтын Көп балалы отбасылардың балдары бармайдыма 6-7
Жауап беру
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл