458.45
531.39
5.29
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының алғашқы жарыс күні қалай өтті?
Жаңалықтар

Көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының алғашқы жарыс күні қалай өтті?

02.09.2026
мин
0
51
Сурет: Prosports.kz

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан атынан 152 спортшы жарыс жолына шықты. Ұлттық құрама 42 спорт түрінен ел намысын қорғап жатыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәсекесі қыза түсті. 31 тамызда басталған халықаралық дода 6 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қазақстан бұл жолы ауқымды құраммен қатысып отыр. Ел намысын 42 спорт түрінен 152 спортшы қорғайды. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандықтар ордо, тоғызқұмалақ, кураш, гореш және моңғол күресінен сынға түсті.

Алғашқы күннің нәтижесі қазақстандықтар үшін біркелкі болған жоқ. Моңғол күресінде Ерасыл Амангелді, ал гореште Мадияр Абдрахманов қарсыластарына есе жіберді. Осылайша күрестің үш түріндегі жарыстар өз мәресіне жетті.

Ал тоғызқұмалақтағы тартыс 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Ордо, яғни асық ату спортындағы шешуші кездесулер бүгін, 2 қыркүйекте өтеді.

Бүгін қазақстандық спортшыларды жарыстың бірқатар маңызды түрінен бәсеке күтіп тұр. Бағдарламада көкпар, көкбору, эр эңиш (аударыспақ), алыш, овари, мангала, тоғызқұмалақ, ат марафоны, ордо, қыран құстармен аң аулау, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, масс-рестлинг, арқан тарту, сумо және стронгмен бар.

Яғни Көшпенділер ойындары тек күрес пен ат спортына ғана негізделмеген. Бағдарламада ақыл-ойды қажет ететін тоғызқұмалақтан бастап, күш пен ептілікті сынайтын спорт түрлеріне дейін қамтылған.

Биылғы додадағы тағы бір назар аударарлық жайт — Қазақстан құрамасының ашылу салтанатындағы өкілі. Ел туын көкпардан әлем чемпионы әрі ұлттық құраманың капитаны Тұрғанбек Құрманбек алып шықты.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің бірқатар елдерінен спортшылар қатысып, дәстүрлі спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтап жатыр. Қазақстан құрамасы үшін жарыс 6 қыркүйекке дейін жалғасады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл