Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кредиттің артық төлемі қысқартылуы мүмкін – агенттік депутаттарға жауап берді
Жаңалықтар

Кредиттің артық төлемі қысқартылуы мүмкін – агенттік депутаттарға жауап берді

29.12.2021
1 мин
9
1512

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова депутаттардың барлық микрокредит бойынша бірыңғай жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін реттеуге қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін "Ақ жол" фракциясы агенттік төрағасына депутаттық сауал жолдап, халықтың осал топтары жиі алатын кредиттердің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін реттеуді талап еткен. Депутат Дания Еспаеваның айтуынша, микроқаржы ұйымдары елді тонап жатыр. Себебі 145 мың теңгеге дейінгі кредиттердің тиімді мөлшерлемесі 2 мың проценттен асады.

Заң бойынша кредиттің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 56 проценттен аспауға тиіс. Алайда бұл шектеуге 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 145 800 теңгеден аспайтын қарыздар ілінбей қалды. 2021 жылдың басында ондай кредиттердің көлемі 71,9 миллиард теңгеге дейін жеткен.

Депутаттық сауалға жауап берген қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова 50 АЕК-ке дейінгі кредиттерге шектеу таралмайтынын растады. Оның сөзіне қарағанда, шектеуді енгізген жағдайда микроқаржы ұйымдары ондай кредиттерді беруді тоқтатуы мүмкін.

"56 проценттік жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 50 АЕК-ке дейінгі микрокредиттерге қолданылуы лицензияланған микроқаржы ұйымдарының мұндай қарыздарды беруді тоқтатуына алып келуі мүмкін. Бұл ретте халық тарапынан қысқа мерзімді микрокредиттердің талап етілуі салдарынан микрокредит берудің көлеңкелі нарығының туындау тәуекелі бар", - дейді Әбілқасымова.

Осы орайда агенттік басшысы 50 АЕК-ке дейін кредит алған адамдардың борыш жүктемесін арттырмау үшін заңнамада жекелеген шектеулердің бар екенін еске салды. Мәселен, микроқаржылық қызмет туралы заңның 4-бабы 3-бөлігі 1-тармағына сәйкес, 50 АЕК-ке дейінгі микрокредит бойынша артық төлемнің шекті сомасы 100%-дан аспауға тиіс. Оған қоса, сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәндері белгіленген.

Әбілқасымова 145 мың теңгеге дейінгі кредиттер бойынша артық төлемнің шекті мөлшерін 2 есеге қысқартуға келісіп отырған да жеткізді.

"Халықтың борыш жүктемесін одан әрі шектеу мақсатында агенттік Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің "Ақ жол" ҚДП фракциясы депутаттарының 50 АЕК-ке дейінгі микрокредит бойынша артық төлемнің шекті мөлшерін 2 есеге - микрокредит сомасының 100%-інен 50%-іне дейін төмендету жөніндегі ұсыныстарын қолдайды", - деп жауап берді ол.

 

Несиені қандай қажеттілік үшін алдыңыз?
8405 адам
тұрмыстық техника және электроника үшін 0%
тұрғын үй алу үшін 0%
көлік алу үшін 0%
той жасау үшін 0%
несие жабу үшін 0%
жеке кәсіп үшін 0%
емделу үшін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
9 Пікір
А
Алия 27.04.2022
300₸ болған ғадин процент болмаса ары қарай процент болсада төмен болса халық бай болады кишкине халық бай болса Қазақстан бай болады
Жауап беру
С
Сабит 02.01.2022
Несие кешірлсе
Жауап беру
Б
Баглан 30.12.2021
Кредиттер кеширилсе екен
Жауап беру
З
Зауре 30.12.2021
Халықтың 80 пайызы кредитке байланған. Бұл еліміз үшін ұят барлық байлық үстінде отырып мүшкіл хәл кешу деген сөз. Елдің жүйкесі сыр беріп жатқанын суйцидитарлан көріп отырсыздар. Өкімет халық жағдайын ойлсу керек. Бейшара күн кешіп жатқан халықты не үшін басқарады өзекті мәселені- кредитті шеше алмаса. Ең болмасатұтынуға алған кредиттерді жабуды өкімет қолға алу керек қой. Қашанғы қойдай жуас халықтың төзімі қашанға жетер екен...
Жауап беру
Н
Назира 30.12.2021
180 мың толкймин айына тұрғын уй алу үшін, 50 пайызы кыскартылса жақсы болар еді
Жауап беру
Ж
Жомартова Кулзира Амирбековна 30.12.2021
Корректрды жауып бералмайма айына 26000 толеймын. Жалакым 60000 толеймын азык тулык кымбат кунымды зорга корып отырмын. Комек кутемын
Жауап беру
А
Ақмарал 29.12.2021
Микрозайм шынымен елді тонау.Себебі кезінде 20 000тг алған ақшаны уақытында төлемей 225 000 етіп қайтаруды талап еткен күні болған.Медиаторға услугасын төлеп 125 000 етіп қайтардық соңында 6 еседен көп.Заңнама болып соны аяғына дейін жеткізу керек беріп
Жауап беру
Н
Назерке 29.12.2021
Менде микро кредиттер Жане Каспи банкте кредит бар мирокредитти каспиди жабу ушин алдым
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл