Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Куәгер Шерзат Полаттың жан тапсырып жатқанын көрген, бірақ жедел жәрдем шақыруға қорыққан
Жаңалықтар

Куәгер Шерзат Полаттың жан тапсырып жатқанын көрген, бірақ жедел жәрдем шақыруға қорыққан

29.04.2025
1 мин
0
215

Шерзат Полаттың өліміне қатысты өткен сот отырысында бірнеше куәгер жауап берді. Олардың бірі Шерзаттың жан тапсырған сәтін көргенін, бірақ жедел жәрдем шақыруға қорыққанын айтты. Тағы бір талғарлық тұрғын атыс қаруының қайдан пайда болғанын баяндады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Талғат Әшірбаев Абзал Шынасылды "Қамажай" дүкеніне апарып тастағанын мәлімдеді. Ол Абзалмен бір колледжде оқыған, сондай-ақ Нұрқияс пен Равильді де танитынын айтты.

- Қазанда “Эйфория” мейрамханасында мерейтой өткізу жоспарда болды. Соған байланысты кассаға барған едім. Іште Абзал, Равиль және тағы 7-8 адам отырды, арасында екі қыз бар. Барлығымен амандасып, сыртқа шықтым. Олар да еріп шықты. Абзал көлікке сыймай қалды, қалғандары Шыңғыстың “Мерсіне” отырды. Абзал маған “уақытың болса, Автобазадағы ‘Жастар стадионына’ апарып тасташы” деді. Ол “балалар арасында кикілжің шығыпты” деді, бірақ нақты кімдер екенін айтпады. Қасымда досым Әділбек те бар еді. Абзал арттағы қара “мерсті” қуала деді, – деді куәгер.

Оның айтуынша, көлік "Қамажай" дүкенінің алдында тоқтағанда, Абзал жүгіріп шығып кеткен. Талғат сол жерде жанжал болып жатқанын көріп, кетіп қалғанын жеткізді.

- Боқауыз сөздер естілді, айқай-шу болды. Жолдан өтіп бара жатқанда, дүкен алдына сұр түсті “Равон” немесе “Нексия” көлігі келіп тоқтады. Сол көліктен мылтық шыққанын көрдім. Содан кейін кетіп қалдық, өйткені жақында тойым бар, бірдеңеге ұрынып қалармын деп қорықтым, – деді ол.

Куәліктерге қарағанда, сол көлік Нұрғанат Ғайыпбаевқа тиесілі болған.

Он минуттан кейін куә оқиға орнына қайта оралған. Оның сөзінше, бәрі тынышталғанын білгісі келген.

- Екі жігіт жерде жатыр екен. Бірі бұрышта, екіншісі 3-4 метр қашықтықта. Анасының жылағанын естідім. “Жедел жәрдем шақырыңдар, көмек керек” деп айқайлады. Қан көрмедім, өйткені көше қараңғы еді, – деді ол.

Оның айтуынша, сол сәтте жедел жәрдем мен полицияны шақыруға жүрексінген. Жанындағы адамдар көмектеседі деп ойлаған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл