451.05
504.95
5.6
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Күніне бірнеше құты энергетик: Алматыда жас жігітке шұғыл ота жасалды
Жаңалықтар

Күніне бірнеше құты энергетик: Алматыда жас жігітке шұғыл ота жасалды

27.10.2026
мин
0
68
Сурет: Tengrinews

Алматыда энергетикалық сусындарды бірнеше ай бойы шамадан тыс тұтынған жас жігіт асқазаны тесіліп, перитонитке шалдыққан. Дәрігерлер науқасқа шұғыл операция жасап, өмірін сақтап қалды. Мамандар оның жағдайына энергетиктер тікелей себеп болды деп нақты айта алмайтынын атап өтті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға іші қатты ауырған жас жігіт жеткізілген. Медициналық тексеру кезінде оның асқазанындағы ойық жара тесіліп, құрсақ қуысында қабыну пайда болғаны анықталды. Дәрігерлер мұндай асқынудың адам өміріне қауіп төндіретінін ескеріп, науқасқа шұғыл түрде ота жасаған.

Хирург Ілияс Сағиевтің түсіндіруінше, асқазан қабырғасы тесілген жағдайда оның ішіндегі заттар құрсақ қуысына өтіп, ауыр қабыну процесін туындатуы мүмкін. Сондықтан мұндай белгілер байқалғанда медициналық көмекке дереу жүгіну қажет.

Операция кезінде дәрігерлер асқазандағы зақымданған жерді тігіп, құрсақ қуысын тазартқан. Ем нәтижесінде науқастың жағдайы тұрақталып, кейін хирургтің бақылауында болу шартымен үйіне жіберілген.

Жас жігіт дәрігерлерге соңғы айларда энергетикалық сусындарды жиі ішкенін айтқан. Алғашында күніне бір құтымен шектелсе, уақыт өте келе олардың саны тәулігіне сегіз-он құтыға дейін көбейген.

Мамандар энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну асқазан-ішек жолында жайсыздық туғызып, қыжыл мен жүрек айнуын күшейтуі мүмкін екенін ескертеді. Асқазанында ойық жарасы немесе басқа да аурулары бар адамдарға денсаулығына ерекше көңіл бөліп, тамақтану әдеттерін бақылау ұсынылады.

Сонымен қатар дәрігерлер бұл жағдайда энергетикалық сусындарды асқазан жарасының тікелей себебі деп тануға жеткілікті негіз жоқ екенін атап өтті. Дегенмен оларды көп мөлшерде тұтыну денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін.

Айта кетейік, Қазақстанда энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынған. Бұл талапты бұзғандарға айыппұл қарастырылған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл