Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Күзге қарай елімізге қант жеткізу жағдайы тұрақталып, баға түседі - АШМ
Жаңалықтар

Күзге қарай елімізге қант жеткізу жағдайы тұрақталып, баға түседі - АШМ

23.08.2022
1 мин
0
889

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі қант тапшылығы мен бағаға қатысты алдағы уақытқа болжам жасады.

«Қант тапшылығы мен бағаның өсуі Қазақстанға аталған өнімнің едәуір бөлігін жеткізуші Ресейдің қант экспортына тыйым салуымен байланысты екені белгілі. Жағдайды тұрақтандыру үшін қазақстандық қант зауыттарына 350 мың тонна көлемінде шикі құрақ қантын және құрамында қант бар өнім өндіретін кәсіпорындар үшін дайын қантты үшінші елдерден бажсыз әкелуге квота бекітілді. Үшінші елдерден әкелінетін бажсыз қант отандық нарыққа айтарлықтай көлемде жеткізіліп жатыр. Бұл ішкі нарықтағы жағдайды едәуір тұрақтандырды», - деді министрлік.

Сондай-ақ, министрлік еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі қант зауыттары өнім жинауды бастап, қант өндірісін қайта жандандыратынына сенім артып отыр. Айтуларынша, отандық өндірушілер ішкі нарықты қантпен қамтуда септігін тигізеді.

«Одан бөлек, биыл 1 қыркүйекте Ресейде қант экспортына тыйым салу мерзімі аяқталады. Сонымен қатар биыл көрші елде қант қызылшасы бойынша жақсы өнім болады деп күтілуде. Осы орайда Қазақстанға өткен жылдарға қарағанда артық көлемде Ресей қанты жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып күзге қарай елімізге қант жеткізу жағдайының тұрақталатыны сөзсіз. Сол сияқты нарықтағы ұсыныстың ұлғаюына байланысты баға да объективті түрде төмендейтін болады. Алайда, қазір бағаның қандай болатынын нақты айту мүмкін емес. Өйткені, бағаға көптеген фактор әсер етеді», - дейді ведомстводан.

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2525 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
279
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл