476.75
541.59
6.06
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Лайк үшін шектен шыққандар: заңға қайшы контент таратқан 9 азамат жауапқа тартылды
Жаңалықтар

Лайк үшін шектен шыққандар: заңға қайшы контент таратқан 9 азамат жауапқа тартылды

28.07.2026
мин
0
177

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент таратқан тоғыз азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. ІІМ мәліметінше, аталған тұлғалар әлеуметтік желілердегі қаралым, лайк және донат жинау мақсатында қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттер жасап, әдепсіз мазмұндағы материалдар таратқан, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, кейбір азаматтар TikTok платформасындағы тікелей эфирлер кезінде балағат сөздер айтып, қоршаған адамдарды кемсіткен, қауіпті пранктер ұйымдастырған және қоғамға теріс әсер ететін әрекеттер көрсеткен. Мұндай контентті, әсіресе, кәмелетке толмаған балалардың көруі алаңдатады.

Мысалы, Астана қаласының тұрғыны Индира Ештаева TikTok желісінде «Бауырсақ» лақап атымен тікелей эфир жүргізіп, балағат сөздер айтқаны және заңға қайшы контент таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Алматы қаласының тұрғыны Ақтөре Батырбек тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларды қорлағаны үшін сот шешімімен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Шымкент қаласының тұрғыны Данияр Сейдалиев аудитория назарын аудару мақсатында тікелей эфирде электрошокер қолданған, адам ұрлау көрінісін әдейі ұйымдастырған және балағат сөздер айтқан. Оның бұл әрекеттері қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу ретінде бағаланып, ол сегіз тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар Жамбыл облысында «Алтын қыз» лақап атымен танылған Лайло Қасымова бірнеше рет тікелей эфирде әдепсіз сөздер қолданып, құқыққа қайшы контент таратқаны үшін айыппұл алды. Осы облыста Байбек Жарқынай мен Танаберганов Асылжан TikTok-та донат жинау және танымал болу мақсатында бір-біріне әдейі дене жарақатын салған бейнематериал жасағаны анықталып, олар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желідегі анонимді аккаунттар арқылы жасалған құқық бұзушылықтардың да анықталатынын ескертті. Министрлік цифрлық кеңістікте заң талаптарын бұзатын, жастарға теріс әсер ететін, зорлық-зомбылықты немесе әдепсіз әрекеттерді насихаттайтын контенттерге қарсы жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.

ІІМ өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, заң мен тәртіп қағидаты тек күнделікті өмірде ғана емес, интернет кеңістігінде де сақталуы тиіс. Әрбір құқық бұзушылық анықталып, кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл