Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёнмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары қазақ-корей арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.
Тараптар екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыттары бойынша пікір алмасып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыруға ниет білдірді.
Өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, білім беру және медицина салаларындағы бірлескен және перспективалы жобаларды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Корея Президенті Ли Чжэ Мён Қасым-Жомарт Тоқаевты Корея Республикасына ресми сапармен келуге шақырды. Қазақстан Президенті бұл шақыруды ризашылықпен қабыл алып, келесі жылы Сеул қаласында өтетін «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысатынын растады.