Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды
Жаңалықтар

LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды

13.05.2025
1 мин
0
242
Сурет: ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "LRT ісі" бойынша халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы басшы Талғат Ардан Түркияда қамауға алынғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2019 жылдың қыркүйегінде Бас прокуратура Түркия Әділет министрлігіне Арданды экстрадициялау туралы ресми сұрау жолдаған. Осыдан кейін түрік құқық қорғау органдары оны іздеуге кіріскен.

2025 жылы ҰҚК Талғат Арданның нақты орналасқан жерін анықтады. Ол Анталья қаласында ұсталды.

— 9 мамырда Анталья соты Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады, қазіргі таңда ол қамауда. Құзырлы қазақстандық органдар оны елге қайтару бойынша рәсімдерді бастап кетті, — делінген ҰҚК хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының соты Талғат Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл