Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәдениет министрі Аида Балаева БАҚ қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Жаңалықтар

Мәдениет министрі Аида Балаева БАҚ қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

02.02.2026
мин
0
97
Сурет: gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ұлттық басылым қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы рөлін атап өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Аида Балаеваның сөзінше, Ұлттық басылым күні – отандық мерзімді баспасөз тарихындағы маңызды күн.

- Бұл күннің отандық мерзімді баспасөз тарихының бастауы саналуы тегін емес. Сонау 1913 жылғы 2 ақпанда қазақ халқының бірлігінің ұйытқысына айналған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Содан бері газеттер мен журналдар мемлекет пен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуға, ашық қоғам қалыптастыруға маңызды үлес қосып келеді. Қазіргі уақытта қазақстандық басылымдар аға буын қалыптастырған сол игі дәстүрді лайықты жалғастырып отыр. Жақында Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында атап өткендей, олар бүгінде «ренессанс кезеңіне» қадам басты. Осы орайда, салада еңбек етіп жүрген барша азаматтарды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!, - делінген құттықтауда.

Сонымен қатар министр ұлттық баспасөздің интернет пен цифрлық технологиялардың арқасында аудиториясын кеңейтіп, қайта жаңғыру дәуірін өткеріп жатқанын атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл