Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Магистратураға түсу үшін өтінім беру басталды
Жаңалықтар

Магистратураға түсу үшін өтінім беру басталды

02.11.2022
1 мин
0
1497

1 қарашада магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2022 жылғы 18 қарашаға дейін жүргізіледі. 

Тестілеудің өзі 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді. 

Тіркелу кезінде түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды. 

Үміткерлер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (18 қарашаға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру орны бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады. 

Тестілеу күні туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде 22 қарашада жарияланады.

«Кешенді тестілеу электронды форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады», – деп түсіндірді ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл