Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Росбиотех университетінің ашытқы өндірісі мен шарап жасау кафедрасының профессоры Марина Мойсеяктың айтуынша, ыстық ауа райында тәтті сусындарды тұтыну денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сарапшының сөзінше, салқын, тәтті әрі газдалған сусындар дәм сезу рецепторларының сезімталдығын төмендетеді. Соның салдарынан адам ішіп жатқан сусынының қаншалықты тәтті екенін сезбей қалады. Ал мұндай сусындар құрамындағы глюкоза, фруктоза және сахароза керісінше, шөлді күшейтеді. Нәтижесінде адам қажетті мөлшерден әлдеқайда көп ішіп, бұл қандағы қант деңгейінің күрт көтерілуіне, энергияның тұрақсыз ауытқуына және шаршау сезіміне әкелуі мүмкін.
Мойсеяктың айтуынша, тәтті дәм рецепторларда ұзақ сақталғандықтан, адам шөлін басу үшін көп су іше бастайды. Алайда сұйықтықтың шамадан тыс мөлшері жүрекке қосымша жүктеме түсіреді. Сонымен қатар, салқын әрі тәтті газдалған сусындар асқазанға кері әсер етіп, II типті қант диабетінің дамуына түрткі болуы ықтимал.
- Егер сіз табиғатқа шығып, бірдеңе ішкіңіз келсе, аздап газдалған және құрамында шырын бар сусындарды таңдаңыз. Ондай сусындарда табиғи қант болады әрі ағзаға оңай сіңеді. Әдетте, ондай сусындардағы қант мөлшері 5–7 пайыздан аспайды. Бұл қалыпты тәтті дәм тойыну сезімін береді және артық тамақтанудан сақтайды. Ал ең қауіпсіз әрі пайдалы таңдау — қарапайым су, — деп түйіндеді профессор Мойсеяк.