Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Маңғыстау облысында 11 баланың анасы TikTok-тағы видеосы үшін сотталды
Жаңалықтар

Маңғыстау облысында 11 баланың анасы TikTok-тағы видеосы үшін сотталды

08.11.2024
мин
0
328
Сурет: видеодан алынған скрин

Жаңаөзендік Жадыра Досекеева ҚР ҚК-нің 174-бабы (Әлеуметтік алауыздықты қоздыру) бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл шартты жазаға кесілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның TikTok-та жариялаған видеосы әлеуметтік және ұлттық алауыздықты тудырды деп бағаланды. Оған үш жыл бойы әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салынып, жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады.

Белсендіге қатысты қылмыстық іс биыл маусымда басталған еді. Сот барысында прокурор оның бас бостандығын 4 жылға шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Ал сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, үш жыл шартты жаза кескен. 

- Сотталушы Жадыра Досекеева өзінің кінәсін мойындамай, соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады. Жадыра Досекееваның кінәсі куәлердің жауаптарымен, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен, істің басқа да құжаттарымен дәлелденді. Сот Жадыра Досекееваға жаза тағайындау барысында асырауында кішкентай балаларының болуын қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады, - делінген хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл