487.02
552.23
6.51
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Маңғыстауда полицейлер 20 келіге жуық марихуананы тәркіледі: екі күдікті ұсталды
Жаңалықтар

Маңғыстауда полицейлер 20 келіге жуық марихуананы тәркіледі: екі күдікті ұсталды

24.06.2026
мин
0
132

Маңғыстауда заңсыз есірткі айналымына қатысы бар күдіктілер ұсталып, 20 келіге жуық марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

"Қарасора" және "Дәрмек" республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен және Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментінің 5-басқармасымен бірлесіп заңсыз есірткі айналымына қарсы бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде Ақтау қаласындағы базарлардың бірінің аумағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікті ұсталды.

Тергеу әрекеттері барысында күдікті пайдаланған қойма ішінен өсімдік тектес есірткі заттары анықталып, тәркіленді. Сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша есірткі заттары мен оларды пайдалануға арналған арнайы құралдар табылды.

Одан әрі жүргізілген жедел іс-шаралар барысында аталған дерекке қатысы бар тағы бір азамат анықталып, ұсталды.

Сот-сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың марихуана екені анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 20 келіні құрап, аса ірі мөлшерге жататыны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын және есірткі жеткізу арналарының ықтимал жолдарын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл