| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Маңғыстауда қаңғыбас мысық тістеген әйел құтырудан қайтыс болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.
Мамандардың мәліметінше, марқұм дер кезінде дәрігерге жүгінбеген. Соның салдарынан ауру асқынып, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында өңірде 1351 адамды жануарлар тістеген немесе тырнап алған. Оның ішінде 52%-ы — балалар, 4,4%-ы — жасөспірімдер және 43,4%-ы — ересектер. 823 адамды ит, 461 адамды мысық, ал 67 адамды басқа жануарлар (жылқы, тышқан, түлкі және т.б.) тістеген.
Жыл басынан бері зардап шеккен 801 адамға құтыруға қарсы вакцина егілген, 544 адамға иммуноглобулин салынған. Дәрігерлердің айтуынша, иммуноглобулин инфекция қаупі жоғары болған кезде, жарақаттың ауырлығына және орналасқан жеріне байланысты қолданылады.
Мамандар тұрғындарға жануарлар тістеген жағдайда уақыт создырмай медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді.