| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстау облысында еңбек дауы ушығып отыр: Ақтаудағы қазақ-қытай бірлескен кәсіпорында жүздеген тәжірибелі қызметкердің жұмысынан айырылу қаупі туындады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әңгіме 10–20 жыл бойы қауіпті бұрғылау өндірісінде еңбек етіп, кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз еткен тәжірибелі мамандар туралы болып отыр. Қызметкерлердің мәліметінше, компания басшылығы тұрақты кадрларды аутстаффинг жүйесі арқылы уақытша жұмыс күшіне ауыстыруды жоспарлап отыр.
Жұмысшылар бұл шешім өндірістік қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін деп ескертеді. Уақытша қызметкерлерді тарту апаттар мен жарақат алу қаупін арттырады, ал тәжірибелі мамандардың қысқартылуы өңірдегі әлеуметтік шиеленістің күшеюіне әкелуі ықтимал.
Қызметкерлер видеоүндеу жариялап, уәкілетті мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерін араласуға шақырды. Олардың айтуынша, мәселе тек жұмыс орындарының қысқаруымен шектелмей, жүздеген отбасының әлеуметтік жағдайына және өндірістік қауіпсіздікке тікелей байланысты.
Қазіргі уақытта компаниядан ресми түсініктеме алынған жоқ.