Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Машкевич пен Ералы Тоғжанов дос па?
Жаңалықтар

Машкевич пен Ералы Тоғжанов дос па?

27.11.2022
1 мин
0
1035

ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов екеуінің видеосын түсіндірді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде Машкевичті күтіп алған Тоғжановтың оны емірене құшақтап тұрған видеосы тарап, қызу пікірталас тудырған..

«Мен Тоғжанов мырзаны 25 жылдан бері білемін. Бізде шынайы достық қарым-қатынас бар. Ал мен достарымды шын жүректен құшақтаймын. Ал өз көзқарасым бойынша, мен бұл жерде артық ешнәрсе көріп тұрған жоқпын. Оның үстіне, біздің достық қарым-қатынасымыз Ақтөбе облысындағы барлық әлеуметтік жобаларды және басқа да шараларды дамытуға мүмкіндік береді. Сөйтіп Ақтөбе облысындағы жобаларға бірден 3,3 млрд теңге бөлдік. Біз онымен доспыз және бұл мемлекеттік қызметкер, кәсіпкер ретінде жұмыс істеуімізге кедергі емес», - деп түсіндірді Машкевич.

Еске салайық, олардың құшақтасып жатқан видеосын блогер Самат Нұртаза жариялады. Ulysmedia.kz редакциясы Александр Машкевичтің немен айналысатынын және оның тіпті үкіметтің бұрынғы мүшесімен байланысы неліктен жоғары екенін талдаған.

Машкевич – Израиль азаматы. Forbes нұсқасы бойынша ол 3,7 миллиард доллар байлығымен осы елдің алтыншы әрі ең бай бизнесмені. Ол қазан айында Қазақстанның 50 ықпалды бизнесмені рейтингінде бесінші орынға тұрақтаған. Оның қолында алюминий, темір рудасы, хром кен орындары, зауыттар, банк және медиа ресурстар бар. Украина мен Ресей Федерациясында әртүрлі салалармен айналысады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл