Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәсімовтің зәулім сарайына қатысты жаңа дерек шықты
Жаңалықтар

Мәсімовтің зәулім сарайына қатысты жаңа дерек шықты

29.04.2025
мин
0
662
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі әлеуметтік қажеттілікке байланысты сатылмайтын болды. Бұл туралы Қайтарылған активтерді басқару компаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мәліметке сүйенсек, Астанадағы үй қаланың әлеуметтік қажеттілігі үшін сатылымнан алынған.

- 2025 жылғы 18 сәуірде "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС мемлекеттік мүлік тізілімінің веб порталына Астана қаласы Нұра ауданы Қараөткел шағынауданы Ерейментау көшесі, 1-үй мекенжайында орналасқан, жертөлесі бар тұрғын үйді электрон сауда арқылы сату туралы хабарлама жариялады. Нысанның бастапқы бағасы 1 685 115 000 теңге болды. Алайда басқарушы компания атына Астана әкімдігінен бұл жылжымайтын мүлікті қаланың әлеуметтік қажеттілігіне беру туралы ресми сұраныс келіп түсті. Әлеуметтік маңызын және заңнама талаптарын ескере отырып, бұл нысан электрон сауда жоспарынан алынды, - деп жазылған хабарламада.

Нысанды әрі қарай пайдалану мәселесі жергілікті атқарушы органның мүдделерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен шешілмек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл