Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәскеу: Мобилизация аяқталды
Жаңалықтар

Мәскеу: Мобилизация аяқталды

17.10.2022
2 мин
0
612

Мәскеу мэрі Сергей Собянин өзінің жеке блогында Ресей астанасында ішінара мобилизациялаудың аяқталғанын хабарлады. Ол бүгін әскерге қабылдау пункттері жабылатынын айтты.


«Мәскеу қаласының әскери комиссарының мәліметі бойынша, президент жарлығы мен Қорғаныс министрлігінің тапсырмалары негізінде белгіленген ішінара мобилизациялау бойынша тапсырмалар толығымен орындалды», - деп жазды Собянин.


Оның айтуынша, жұмылдырылғандарды қабылдау пункттері 2022 жылғы 17 қазанда Мәскеу уақытымен 14:00-де (Астана уақыты бойынша 17:00) жабылады.


Сондай-ақ, Мәскеу мэрі тұрғылықты жері мен кәсіпорындарға мобилизация барысында жіберілген шақырулар өз күшін жойғанын ескертті. 


"Біз Қорғаныс министрлігіне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде тікелей көмек көрсетуді жалғастыратын боламыз", - деп қосты ол.


Еске салайық, 14 қазанда Ресей президенті Владимир Путин Ресей Федерациясындағы жартылай мобилизация жақын арада аяқталатынын айтқан.


Ресейде ішінара мобилизациялау 21 қыркүйекте жарияланған болатын. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл