| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары қарсаңында "Российская газета" басылымында "Вечная дружба - путеводная звезда для наших народов" атты мақаласы жарық көрді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мақалада Қазақстан мен Ресей сапалы әрі мазмұнды стратегиялық әріптестік, одақтастық құра алғаны айтылған.
"Астана мен Мәскеудің қарым-қатынасы бүкіл еуразиялық кеңістіктегі көптеген іргелі процеске шешуші әсер ететінін тағы да атап өткім келеді", - деп жазылған мақалада.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшысы президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.
Сондай-ақ, Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.
Сапар аясында екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.