453.87
508.33
5.65
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәслихат сайлауы – 2026: тіркеу нәтижелері белгілі болды
Жаңалықтар

Мәслихат сайлауы – 2026: тіркеу нәтижелері белгілі болды

02.11.2026
0 мин
0
72
Сурет: Dala news

Қазақстанда мәслихат депутаттығына үміткерлерді тіркеу қорытындысы жарияланды. 1 қараша сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, елде 10 971 кандидат тіркеуден өткен. Бірмандаттық сайлау округтерінде бір депутаттық орынға орта есеппен үш үміткерден келеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Өңірлік сайлау комиссиялары тіркеу науқанының нәтижелерін қорытындылады. Комиссия отырыстарында кандидаттардың партиялық тізімдері, сайлауға қатысудан бас тартқандар, тіркеуден өтпеген үміткерлер және келіп түскен өтініштер қаралды.

Бірмандаттық округтерде 9 752 кандидат тіркелді

Еліміз бойынша 3 113 бірмандаттық аумақтық сайлау округі құрылып, оларда 9 752 кандидат тіркеуден өткен. Нәтижесінде бір мандат үшін орта есеппен үш адам бәсекеге түседі.

Өңірлердегі көрсеткіштерге тоқталсақ, Ақмола облысында облыстық мәслихатқа 50, қалалық мәслихаттарға 125, аудандық мәслихаттарға 588 кандидат тіркелген. Жалпы саны – 763 үміткер.

Қостанай облысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға 745 кандидат сайлауға қатысады. Оның 48-і облыстық, 169-ы қалалық, 528-і аудандық мәслихат депутаттығына үміткер.

Павлодар облысында 529 кандидат тіркелген. Олардың 48-і облыстық, 155-і қалалық, 326-сы аудандық мәслихатқа сайлануға ниетті.

Қызылорда облысында 409 кандидат тіркеуден өткен. Оның 48-і облыстық, 69-ы қалалық, 292-сі аудандық мәслихат депутаттығына ұсынылған.

Шығыс Қазақстан облысында облыстық мәслихатқа 49, қалалық мәслихаттарға 109, аудандық мәслихаттарға 391 кандидат тіркелді. Ал Маңғыстау облысында бірмандаттық округтер бойынша 369 үміткер сайлауға қатысады.

20 өңірде 99 партиялық тізім тіркелген

Партиялық тізімдер бойынша 20 өңірде 99 тізім тіркеуден өтті. Олардың құрамына 1 219 кандидат енгізілген. Оның 527-сі немесе 43,2 пайызы белгіленген квотаға кіретін үміткерлер.

Астанада қалалық мәслихат сайлауына жеті саяси партия қатысады. Олар ұсынған 101 кандидаттың барлығы тіркеуден өткен. Тізімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін партиялардың ешқайсысы кандидатураларын кері қайтарып алмаған.

Шымкентте бес партия 58 адамнан тұратын тізім ұсынған. Комиссия мәліметіне сәйкес, әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квота сақталған.

Жамбыл облысында бес партияның тізіміне 76 кандидат енгізілген. Олардың 41-і – әйелдер мен жастар. Бұл жалпы санның 53,9 пайызын құрайды. Партиялық тізім арқылы бөлінетін 18 мандатқа орта есеппен төрт үміткерден келеді.

Қарағанды облысында алты партияның 81 кандидатты қамтитын тізімдері тіркелді. Павлодар облысында бес партиядан 64, Қостанай облысында бес партиядан 62 кандидат ұсынылған.

Солтүстік Қазақстан облысында бес партияның тізіміне 52 адам енсе, Қызылорда облысында үш партия 46 кандидат ұсынған. Ақмола облысында төрт партияның 44 үміткерден тұратын тізімдері тіркеуден өтті.

Бірқатар кандидат сайлауға қатысудан бас тартты

Тіркеу кезеңінде кейбір үміткерлер өз кандидатураларын кері қайтарып алған. Ал бірқатар кандидат заң талаптарына немесе құжат тапсыру шарттарына сәйкес келмегендіктен тіркеуден өтпеген.

Абай облысында 76 кандидат сайлауға қатысудан өз еркімен бас тартқан. Тағы екі үміткер заң талаптарына сәйкес келмесе, төрт кандидат сайлау жарнасын төлемегендіктен тіркелмеген.

Ақмола облысында 26 кандидат кандидатурасын қайтарып алған. Төрт үміткерді тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған.

Павлодар облысында 42 адам өз өтінішімен сайлауға қатысудан бас тартса, тағы 18 кандидат қажетті құжаттарды тапсырмаған.

Қызылорда облысында 15 кандидат кандидатурасын кері қайтарып алған. Бір үміткер құжаттарын толық ұсынбаған. Қостанай облысында үш кандидат сайлауға қатысудан бас тартса, тағы біреуі құжаттарының толық болмауына байланысты тіркеуден өтпеген.

Шығыс Қазақстан облысында 13 кандидат, ал Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының әрқайсысында 24 үміткер өз кандидатурасын қайтарып алған.

Кейбір партиялардың тізімі тіркелмеді

Партиялық тізімдерді тіркеу барысында да өзгерістер болған.

Абай облысында алты партия 52 кандидат ұсынғанымен, олардың бесеуінің тізімі ғана тіркелді. «Байтақ» партиясының тізімін тіркеуден бас тартылған.

Шығыс Қазақстан облысында төрт партия 55 адамнан тұратын тізім ұсынған. Алайда кейін бір партия өз тізімін кері қайтарып алып, нәтижесінде үш партияның тізімі тіркеуден өткен.

Атырау облысында алты партияның тізімі тіркелді. Тіркеу кезінде «Respublica» партиясының бір кандидаты өз өтініші бойынша тізімнен шығарылған.

Жетісу облысында алты партияның 48 кандидатты қамтитын тізімдері тіркеуден өтті. Бұл өңірде ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін партиялық тізімін кері қайтарып алғандар болмаған.

Сайлау комиссияларына қанша өтініш түсті?

Тіркеу науқаны кезінде өңірлік сайлау комиссияларына азаматтар мен ұйымдардан өтініштер де келіп түскен.

Астанада тоғыз өтініш тіркеліп, барлығына белгіленген мерзімде жауап берілген. Ақмола облысында бес өтініш түскен: үшеуіне жауап беріліп, екеуі қаралу үстінде болған.

Жамбыл облысында үш өтініш қаралған. Оның екеуі жеке тұлғалардың сайлау заңнамасына қатысты сауалдары болса, біреуі заңды тұлғадан үгіт материалдарын орналастыру жөнінде түскен ақпараттық хабарлама болған. Барлығына жауап берілген.

Ал Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарының сайлау комиссиялары тіркеу кезеңінде өтініш түспегенін хабарлаған.

Кандидаттарды тіркеу жөніндегі толық мәліметтер сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында жарияланған. Комиссиялар сайлау науқаны Конституциялық заң мен бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес өтіп жатқанын мәлімдеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл