Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Матч па, концерт пе: ФК “Қайрат” Лопестің Алматыдағы концертіне қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар

Матч па, концерт пе: ФК “Қайрат” Лопестің Алматыдағы концертіне қатысты пікір білдірді

22.05.2025
1 мин
0
532
Сурет: Dauletten.kz

Кеше "Астана концерт" компаниясы Дженнифер Лопестің 10 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда концерт қоятынын хабарлаған болатын. Алайда бұл жаңалыққа ФК "Қайрат" ресми түрде жауап беріп, аталған күн клубпен келіспегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Клубтың мәліметінше, 9 немесе 10 тамыз күндері Алматы Орталық стадионында ел біріншілігі аясында "Қайрат" пен астаналық "Жеңіс" командаларының ойыны жоспарланған. Сонымен қатар 7 немесе 12 тамыз күндері "Қайрат" Еурокубок ойындарына қатысады. Осыған байланысты стадион УЕФА талаптарына сай дайындалуы тиіс, сол себепті бұл кезеңде басқа іс-шараларды өткізуге рұқсат берілмейді.

— Біз концерттің ұйымдастырылатыны жөнінде қоғамдық мәлімдеме жасалғанына таңғалдық. Бұл – ресми бас тарту күнінде жарияланды. Біз мәдени бастамаларды құрметтейміз және диалогқа ашықпыз. Болашақта Орталық стадионды пайдалану кестесін әзірлеуде барлық мүдделі тараптармен сындарлы ынтымақтастық орнайды деп үміттенеміз, – делінген "Қайрат" ФК мәлімдемесінде.

Сонымен қатар ФК "Қайрат" мәдени бастамаларды құрметтейтінін, бірақ стадионды пайдалану кестесін жасау кезінде барлық тараптармен конструктивті жұмыс қажет екенін атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл