Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлем коронавирус пандемиясынан толық айықпай жатып, тағы бір індетке шалдықты. Өткен ғасырдың соңында Африкада пайда болған «маймыл шешегі» ауруы бүгінде әлемнің 16 еліне таралып үлгерді. Қазірдің өзінде 250-ден астам адам жұқтырған. Бұл мамандардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Жалпы маймыл шешегі ауруы қалай таралады, белгілері қандай, қаншалықты қауіпті болуы мүмкін.
Маймыл шешегі 16 елде табылды
Қазір әлемде маймылдан адамға шешек ауруы жұғып жатыр. Бұл вирустың COVID-19-дан айырмашылығы адамға ауа арқылы берілмейді. Мамырдың бірінші жартысында осы ауру таралуының дәстүрлі ошақтарынан алыс елдерде маймыл шешегі анықталды деген мәліметтер түсе бастады. Бірінші жағдай 7 мамырда Ұлыбританияда анықталған. Ауру небәрі 10 күнде АҚШ, Канада, Аустралия және Еуропаның бірқатар еліне таралған. Төмендегі диаграммада аурудың жұғу жылдамдығы көрсетілген.
Шешек ауруы қалай жұғады?
Маймыл шешегі - сирек кездесетін вирустық зооноздық ауру (яғни адамға жануарлардан беріледі). Оны жұқтырған адамда бұрын шешекпен ауыратын науқастардағы симптомға ұқсас белгілер байқалады. 1980 жылы шешек жойылғаннан кейін және вариола вакциналарын қолдану тоқтатылғаннан соң маймыл шешегі басқа ортопоксвирустар арасында адамдар үшін ең патогенді орынға шықты. Маймыл шешегі ауруы әлі күнге дейін Африканың тропикалық орманы көп аймақтарында кездеседі.
Ауру көп жағдайда қан арқылы, денеден бөлінетін сұйықтықтар (тер, қан, түкірік) және ауру жануардың зақымдалған терісі немесе шырышты қабаттары арқылы беріледі. Яғни, науқас адамның түкірігі мен сілекейі екінші адамның ішіне түссе, ауру жұқтырады. Алайда маймыл шешегін жұқтырудың ең басты себебі - ауру жануардың етін жеу. Ауру жұқтыру жиілігі жағынан екінші орында - тыныс алу жолдары арқылы. Тіпті науқас қолданған ыдыс-аяғы, киімі, ұстаған заттары мен төсек-орнынан да жұғуы мүмкін. Вирус көбіне иммунитеті төмен адамдар мен балаларға жұғады. Маймыл шешегінің инкубациялық кезеңі әдетте 6 күннен 16 күнге дейін, сирек жағдайда 21 күнге дейін жетуі мүмкін. Ауру жедел әрі кенеттен басталады. Ең алдымен дене температурасы жоғарылайды. Аурудың негізгі белгілері дене температурасы, қалтырау, бас ауру, әлсіздік, бөрту.
Науқастар тыныс алу органдарында тұмауға ұқсас белгілер болғанын жиі айтады. Бөртпелер көбіне қай жерде орналасса да өте ауыр деп сипатталады.