Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәжіліс коммуналдық энергия өндірушілерге салық жеңілдіктерін бекітті
Жаңалықтар

Мәжіліс коммуналдық энергия өндірушілерге салық жеңілдіктерін бекітті

10.12.2025
мин
0
181
Сурет: kzvesti.kz

Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау салықтан босатылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мәжіліс қолданыстағы Салық кодексіне коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдарға салық салу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы заңды бірінші және екінші оқылымда қабылдады.

Парламент депутаттары бастамашылық еткен түзетулер коммуналдық меншіктегі, бір мезгілде электр энергиясын, су мен жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар үшін грант немесе басқа да өтеусіз көмек көлемінің азаюына жол бермеу мақсатымен әзірленді. Заңда мемлекеттік көмек (Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервінен бөлінген субсидияларды қоса алғанда) 100 пайыз акциясы (жарғылық капиталға қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі энергия өндіруші ұйымдар үшін табыс ретінде қарастырылмайтыны көрсетілген. Мұндай көмекпен жабылатын шығын салық салу кезінде шегерімге жатпайды.

Бұл түзетулер мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін арттыруға тиіс.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл