Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заң жобасын мақұлдады
Жаңалықтар

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заң жобасын мақұлдады

30.11.2023
1 мин
0
250
Фото: egemen.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Масс-медиа туралы» заңды бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Аида Балаева заң жобасы мемлекет пен қоғамның мүддесін және қазіргі медиа саланың даму ерекшеліктерін ескере отырып жасақталғанын айтты. 

«Қолданыстағы заң бүгінгі ақпараттық саланың даму жылдамдығына ілесе алмай отырғаны анық. Сондықтан да, заманның өзі концептуалдық тұрғыдан мүлдем жаңа Заң қабылдауды талап етті. Бұдан бөлек, «Масс-медиа» ұғымы, онлайн-платформалардан басқа, барлық интернет-ресурстарды қамтып отыр. Ең бастысы - заң жобасы сөз еркіндігін қатаң сақтай отырып, журналистердің кәсіби статусын көтеру және мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру мәселелерін шешетін болады», - деді Балаева.

Сонымен қатар министр болашақ заң ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға шағым түсіру кезеңіне шек қоймайтынын атап өтті. 

«БАҚ өкілдерімен ұзақ талқылау барысында, азаматтардың жеке мүліктік емес құқықтарының бұзылуына жол бермес үшін 3 жылдық шектеу мерзімін бекіткен дұрыс деп шешілді. Заң журналистер жолдайтын сауалдарды нақты градациялап, оларға берілуі тиіс жауаптарға нақты мерзім белгілейді. Мәселен жазбаша жауап беру мерзімі 7 жұмыс күнінен 5-ке қысқартылды. Бұл шешім ОБСЕ тарапынан да жақсы баға алып үлгерді», - деді ол.

Министрдің айтуынша, заң жобасы Парламент қабырғасына кірген 5 айдың ішінде 20-дан астам отырыс өтіп, министрліктің, үкіметтік емес ұйымдар мен медиа-сарапшылардың қатысуымен 200-ден аса толықтырулар енгізілген.

«Осы орайда барша депутаттық корпусқа ризашылығымды білдіргім келеді. Оның ішінде, арнайы құрылған жұмыс тобы мен өзім мүшесі боп табылатын AMANAT партиясына үлкен алғысымды жеткізгім. Заң жобасының қаншалықты терең де тиянақты талқылаудан өткенін көріп отырсыздар. Түптеп келгенде оның басты мақсаты – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамассыз ете отырып, журналисттердің мәртебесін көтеру, ақпаратқа қол жеткізу сияқты өзекті мәселелерді реттеуге бағытталған», - деді Балаева.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл