479.02
551.11
5.82
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәжілісте еңбек заңнамасы мен стратегиялық әріптестік туралы келісім қаралады
Жаңалықтар

Мәжілісте еңбек заңнамасы мен стратегиялық әріптестік туралы келісім қаралады

17.03.2026
мин
0
89
Сурет: Ақорда

Мәжілісте еңбек заңнамасы мен стратегиялық әріптестік туралы келісім қаралады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ертең депутаттар бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасының жаңа редакциясын және оған ілеспе түзетулерді, депутаттар бастамашы болған еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасын қарайды.

Сондай-ақ Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау жобасы қаралады.

Бұдан бөлек, депутаттар Қазақстан Республикасының мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияға қатысты ескертпесі мен мәлімдемесін алып тастау туралы, сондай-ақ ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру туралы келісімді және осы орталыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау жөніндегі жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл