Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мбаппе мен Винисиус Алматыға келе ме?
Жаңалықтар

Мбаппе мен Винисиус Алматыға келе ме? "Реал Мадридтің" бас бапкері жауап берді

01.09.2025
мин
0
167
Сурет: Reuters

Баспасөз конференциясында журналистердің бірі "Реал Мадрид" клубының бас бапкері Хаби Алонсодан "Қайратпен" өтетін ойынға қатысты ойыншылардың пікірін сұрады, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде аталмыш клуб Алматыға келеді және бұл сапар 8 сағаттан кем болмайды. Осыған байланысты "бұл матчқа негізгі құрам бара ма, әлде қосылқы ма?" деген сауал қойылды.

Бас бапкер "Қайратқа" деген құрметін білдіріп, маңызды кездесуде жеңіске жетуге тырысатынын алға тартты.

- Әрине, бұл өте ұзақ сапар. Яғни 8 немесе 10 сағат дегеніміз әдеттегідей жағдай емес. Бірақ бұл Чемпиондар лигасындағы маңызды матч. Біз "Қайратты" құрметтейміз. Олар бұл кезеңге жету үшін көп еңбектенді және бұл команда үшін тарихи сәт. Біз мықты құраммен барамыз, алаңға негізгі ойыншылар да шығады. Алғашқы минуттардан бастап-ақ ойынды бақылауда ұстауға тырысамыз, - деді Алонсо.

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Реал" арасындағы матч 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Матч 21:45-те басталады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл