Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Медициналық сақтандырудың қаржылық тұрғыдан тиімділігі неде?
Маман пікірі

Медициналық сақтандырудың қаржылық тұрғыдан тиімділігі неде?

17.01.2021
1 мин
67
18066

Заң бойынша жұмыс берушілер медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жалдамалы қызметкер жалақысының 2%-ін аударса, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатындар және шаруа қожалығының иелері медициналық сақтандыру үшін ай сайын 2 975 теңге төлейді. Ал дербес төлеушілер үшін жарна сомасы 2 125 теңгені құрайтыны белгілі.  

Осыған орай, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Забира Оразалиевадан сақтандыру аясында қандай қызметтерді тегін алуға болатыны, қандай медициналық көмек түрлері сақтандыруға қарамастан ақылы екені және медициналық сақтандырудың қаржылық тұрғыдан тиімділігі турасында сұрап білдік.  

  • Забира Жандарқызы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы қандай медициналық қызмет түрлерін тегін алуға болады?
  • 1) Амбулаториялық (науқасқа дәрігер қабылдауында немесе үйде қызмет көрсету) жағдайлардағы медициналық көмек.

2) Стационарды (ауруханаға жатып емделу) алмастыратын жағдайлардағы медициналық көмек, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туған жағдайларда үйдегі стационар қызметтері.

3) Стационарлық жағдайлардағы медициналық көмек.

4) Медициналық оңалту.

5) Патологиялық-анатомиялық диагностика.

6) Донорды қайтыс болғаннан кейін дайындау.

7) Емдеу кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, препараттармен қамтамасыз ету.

Жалпы, медициналық көмек пакеті екіге бөлінеді: кепілдендірілген медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Аталған екі пакетте де бірдей медициналық қызметтер бар.

Кепілдендірілген медициналық көмек тегін жүзеге асырылатын минималды пакет болып саналады. Оның көлемі Қазақстанның Денсаулық сақтау кодексінде айқындалған. Ол минималды пакет болғандықтан, онда ең қажетті, бастапқы медициналық қызметтер қарастырылған. Бірақ тек бастапқы емес, барлық медициналық қызмет түрлері қарастырылған деп те айтуға болады. Неге десеңіз, тегін түрде көрсетілген қызметтердің бірі – жедел жәрдем көмегі. Егер жедел жәрдемге жүгінген науқасқа қандай да бір медициналық қызмет шұғыл түрде қажет болса, оған сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан көмек көрсетіледі. Ол қымбат, жоғары технологияларды қажет ететін ота да болуы мүмкін.

Кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде жедел көмектен басқа әлеуметтік маңызы бар, сирек кездесетін, динамикалық бақылауда тұратын аурулары бар науқастарға да тегін қызмет көрсетіледі. Динамикалық бақылауда тұратын аурулардың дәрі-дәрмегі де тегін. Сондай-ақ кепілдендірілген медициналық көмекке вакцинация да жатады.

Ал сақтандыру жүйесінде – жоспарлы түрде алатын медициналық қызметтер. Яғни жедел емес, жоспарлы түрде бір жері ауырып, сырқаттанып қалған азамат дәрігерге бүгін емес, бүрсігүні барайын деген сияқты шешімге келіп, тіркеу орнына хабарласып, тіркеліп, өз кезегімен мамандардың қызметіне жүгінуге мүмкіндік алады. Учаскелік дәрігер, педиатр және жалпы практикалық дәрігердің үшеуі де кепілдендірілген, тегін көмектің көлемінде қызмет көрсетеді. Ал терапевттің емес, гинеколог, кардиолог, невропатолог, эндокринолог, отоларинголог сияқты басқа мамандарға жүгіну үшін бізге сақтандырылған мәртебе қажет. Сақтандырылған соң өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге барып, сырқатыңызға сай қажет маманға жолдама алып, емделе бересіз.

  • Медициналық сақтандыру емделуші тіркелген емханадағы дәрігерге ғана жүгінуге мүмкіндік бере ме? Әлде таңдау құқығы бар ма?
  • Емделушіге тек өзінің емханасында қаралу керек деген талап қойылмайды. Өйткені таңдау құқығы бар. Бұл жерде маңыздысы – емделушінің өзі тіркелген емханадағы дәрігерден жолдама алуы. Сондай-ақ емделуші таңдаған маман жұмыс істейтін емхана міндетті түрде біздің қормен келісімшартқа отырған қордың тапсырыс орындаушысы ретінде танылу керек.                    
  • Қандай қызметтер сақтандыруға қарамастан ақылы түрде жүзеге асырылады?
  • Негізінен, адам денсаулығына қажет медициналық қызметтердің барлығы медициналық сақтандыру жүйесінде және тегін кепілдендірілген медициналық көмек пакеттерінде карастырылған. Ақылы түрде көрсетілетін көмектер: пластикалық хирургия, косметологиялық қызметтер, ортодонтиялық қызмет (тіс протезін орнату), кейбір санаттарды қоспағанда, стоматологиялық қызметтер.
  • Медициналық сақтандыруды төлемей, медициналық қызметтерді ақылы түрде алудың артықшылығы мен кемшілігін атап өтсеңіз.
  • Артықшылығы ақылы қызметті тез арада алуға болады. Есесіне нарықтық бағамен қомақты қаражат жұмсалады. Ол дегеніміз – үлкен кемшілік. Ал медсақтандыру жүйесіне қатысқан азамат қандай да болмасын қажетті медициналық кызметтерді, оның арасында жоғары технологиялық, қымбат медициналық қызметтер де бар, емделуге қажетті мөлшерде пайдалана алады. Ол дегеніміз науқастың неше рет медициналық қызметке жүгінетіні төленген сомамен өлшенбейді, ем-дом шаралары оның ағзасына қарай жасалады.

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді тексеру тәсілдері:

  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайтында ЖСН-іңізді енгізу арқылы;
  • egov.kz электронды үкімет порталында жеке кабинетке кіріп, денсаулық сақтау бөлімін ашу арқылы;
  • Telegram-дағы Saqtandyru-bot-тың бас мәзіріндегі сақтандыру мәртебесін анықтау арқылы;
  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасының бас мәзіріндегі сақтандыру мәртебесін анықтау арқылы.

Жансая ҚАМБАР

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
67 Пікір
Г
Гулнара 22.07.2021
Рахмет
Жауап беру
Г
Гулжанат 23.06.2021
Құлаққа арналған аппараттық емделу қайдан табуға болады? Мұғаліммін обл бойынша жоқ деп айтты тек жекеменшік поликникаларда бар екен,сонда не үшін сақтандыру қаржы толеп жатырмын айлығымнан. Неге?
Жауап беру
Ә
Әмина 27.05.2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАҒА ТЕГІН ДЕЙДІ.4баладан жоғары неге қылмайды.
Жауап беру
Т
Тоғызбаева С 02.05.2021
Жумыс жасамаймын көзден 3 топ мугедегімін бізге сақтандыру қалай болады ?
Жауап беру
З
Зарина 28.04.2021
Рахмет сізге,халыққа қаншама пайдалы ақпарат тар жазасыз❤
Жауап беру
А
Аяна 21.02.2021
Рахмет , Аллам ешкімді ауыртпасын , ал өзім егер ауырып қалып жатсам , керек дәрігеріме ақылы түріне барам , чем күтіп ол записьті
Жауап беру
Н
Нурлы 14.02.2021
Балама дисплазия деп койды еки жанбасына массаж 400 т ден 800 тг кунине биылдан бастап былтыр тегин болды, неге?
Жауап беру
Г
Гүлназ 31.01.2021
Сіңлім басы ауырып дәрігерге қаралып еді, сақтандыруы бойынша дәрігердер бір біріне жібереді, записке жазылу керек, ол очеред 10-15 күнде келеді, ол тағы біреуіне жібереді, оны тағы күту керек. Сонымен арада45 күн өтті әліназначение жоқ. Оған өзіміз ем домжасап жатырмыз. Запись уақыты жеткенше. Арам өлесің
Жауап беру
Л
Ләззат 29.01.2021
Осы неге тегін қызмет көрсеткенде сапасыз қызмет атқарады. Ақша иөлеп қаралсаң жақсы қарайды ол рас шындық. Жәй ақша өндіру. Түк пайдасы жоқ. Біздің елді шетелдегідей қыламыз дей ма түсінбедім
Жауап беру
У
Уляна 29.01.2021
Медициналық сақтандыру мүлдем қажет емес, менің балам ауырып қалғанда ешқанда тегін медициналық көмек көрген жоқпын. Еще бізден 3000 ұстайды, гениколог, хирургия барлығын ақылы өтесін. Далбаса.
Жауап беру
И
Инкар 27.01.2021
Мектеп мұғалімдерінен қанша пайыз ұсталынады?
Жауап беру
Қ
Қазір бари қимбат. Узи дари дарм бар тағы 22.01.2021
Қымбат узи т.б
Жауап беру
A
Ainur 22.01.2021
Аудандарда маман жетпейди. Халык барибир акылы медицинага жугыреды.акшасы барлар арине. Акшасы жоктар олип тынады.
Жауап беру
A
Ainur 22.01.2021
Сактандыру дейды. Сайып келгенде даригердин ози ешкандай жолдама бермейди .алдымен озиниз тексерилиниз узиге тагы баскаларга жибереди. Олар тегин емес. Алматы облысвнда
Жауап беру
О
Оразкул 21.01.2021
Мен барлык жұмысшыға артык толеппын ол калай болар екен
Жауап беру
А
Айдана 21.01.2021
Баламен уйде отырган адам калай каралады.асп алатындар ше
Жауап беру
A
Almas 20.01.2021
Менде ИП бар және ресми бюджеттік орында жұмыс устеймін. Мед сақтандыруды ИПданда және жұмыс орнынанда төлеймін. Заң бойынша сізде ТП бола тұра екінші жерле ресми жұмыс істесеңіз және жұмыс орынан мед сақтандыру тщленсе де ИП болған үшін тағы мед сақтандыру төлеу керек. Яғни бір қызмет түріне екі рет төлеймін. Алатын бір қызмет түріне мен негк екі есе төлем жасауым керек. Заң солай дейді. Еш логикпға симайды. Заңға кез келген қисынсыз талапты жазуға болатын болдығой. Бұған не дейсіздер
Жауап беру
К
Куралай 20.01.2021
Мениде откенде ауырганымда караган жок жумыссыз адамдар Оле беру керек екен соган козим жетди
Жауап беру
К
Куралай 20.01.2021
Мениде откенде ауырганымда караган жок жумыссыз адамдар Оле беру керек екен соган козим жетди
Жауап беру
К
Кундыз 20.01.2021
Аягым ауыр, учетка туру ушин узи почекке акылы тусемиз больницада, ктг(баланы тексеретин аппарат, ктг.ма еди умытып турмын) соган 1500тг сурайды. Оган коса витаминдерди аптекадан кымбатка аласын. Узиге осы айда орын жок деп тагы платныйга жибереди.
Жауап беру
Г
Гулнар 20.01.2021
Медициналық сақтандыруға бүкіл айлықтың 2% ме әлде окладтың 2% ұстай ма
Жауап беру
Г
Гулбану 20.01.2021
Былтыр 8 айда ауырып барганда карамады толем акелин 2000 т.ар айга жыл аягына дейн деп.биыл тагы солай боладыгой.ауырсан оле беру керек ешкандай жардем жок.жумыссызбын.
Жауап беру
Г
Гаухар, Шымкент қаласы 20.01.2021
Мен ай сайын төлеп отырмын 2975т. Өзім 5 ші балаға жүктімін. Бірақ тегін қызмет өте аз, узиға ақылы түсемін.
Жауап беру
А
Айгерим 19.01.2021
Страховканы биылгы жылдан бастап толесек неге былтыргыны сурайды.былтыр жумыссызбыз биылгы 3айдыкин бирак толку керекпе
Жауап беру
А
Айгерим 19.01.2021
Менин сурагым бар еди менин жумысым бар ол жерден мед страховка толеймиз 2 процент .Тагы ИП бар оганда толеймиз екеуинин биреуин толеуге болмайма?
Жауап беру
Н
Назым 19.01.2021
Бәрі тегін емес, жартылай тегін. Медстразовка төлесем де мысалы, мен көзімді толық диагностикадан өткізу үшін ақылы қызметке жүгінеді екенмін. Ал учаскелік офтальмолог тек көздің диоптриясын ғана тексеріп бере алатын дәрежеде. Қалған диагностиканы көз аурулары институтынан алуым керек екен, ақыға. Тегін деген аты ғана ғой.
Жауап беру
Д
Дауренбек 18.01.2021
Аудандық бәнится да шыныменде білікті дәрігер жоқ ,ауырып барсаң дурыс анализ койа алмайды ,ән кабинетке бар мына кабинетке бар деп сенделтіп койады сапасы өте төмен дәрігерлердің,шыны керек меніңше оқу орындарындағы пара алуды жою керек өтірік емес көбі ақшамен жабады оқуын,сосын таныспын жумысқа турады ,содан қайдан болсын сапалы медична,алдымен пар корларды жою керек содан соң сапалы білім керек.
Жауап беру
Г
Гүлмайра 18.01.2021
Мен сақтандыруға аймайы ақша салып отырмын, бірақ 2000тг узина тегін түсе алмаймын. Себебі оны оқыған маман тапшы дейді. Жеке клиникалармен догварда жоқпыз дейді. Бұл қалай?
Жауап беру
Г
Гулим 18.01.2021
Арине тегин кызмет көрсетеді барин аласын полный анализ консультация акылы мед анализ откизип платный барсан шашын жетпейді обалы не керек направление береди барлык турин енди жоқ оздериндеги анализдерди гана платный отемиз калганын бари тегин
Жауап беру
М
Мереке 18.01.2021
Біз неше жылдан бері акылы медецинамен емделеміз тұргылыкты жерге барып каралмаймыз дым билмейді маңырап отрган врачтар акша тескен кулкындарын акшаны көбірек берсең карайды бермесең карамайды сол ушин сразу платныйга барамыз.
Жауап беру
П
Пайдасы бар қытаида қолданылган біздің елде енді келді сондықтан жақсы бастама болады деп ойлаймын 18.01.2021
Паидасы бар қытаида қолданылган біздің елде енді келді сондықтан жақсы бастама болып табылады деп оилаимын
Жауап беру
Г
Гульназ 18.01.2021
Саламатсызба біздің табысымыз балдарымызға шақ жетеді уйде комусл балдардың интернет тамақ дәрі дәрмек.Пандемеядан кейін жұмыссыз қалдым егер ауырп жатсақ үндемей өліп кетебереміз.Ещё кредит бар балдарға телефон алғанын.
Жауап беру
А
Айнұр 18.01.2021
Жалған, барлығы ақылы
Жауап беру
А
Айым 18.01.2021
Еш пайдасы жоқ іс.осы күнге дейін тегі болған нәрсе ақылыға ауысып тұрго сонда.анализдерді тегін алмағасын .бир қажетті анализдеріңді жеке лабараторияға жіберет одан не пайда.поликлин.да.отырғандар ештеңе емдемейт.
Жауап беру
Ә
Әйгерім 33жас. Үй шаруасы. 18.01.2021
Саламатсыз ба. Мен үй шаруасындағы алармын, Аллаға шүкір, жолдасымның табысы жетуіне байланысты мен жұмыста емеспін. Бала, тамағы, сабағы т.с.с. Менде мынадай сұрақ бар, егер мен ай сайын ЕСПН, яғни, самозанятый деп аударып тұрса, ол мед.сақтандыруға түседі ме?
Жауап беру
А
Айгуль 18.01.2021
Иа түседі.Только 2020-ның янвапьнан бастап төлейсіз,бір ай төленбей қалса,база ашылмайды ,дəрігер қарамайды.Өз басымнан өтті.
Жауап беру
А
Айгерим 18.01.2021
Ия
Жауап беру
Ж
Жадыра 18.01.2021
Пособияға пенсияға болашақта қандай да бир комеги тиеді ме? Сосын бизде жұмыста 1000тг ұстайды страховкаға бизде ауыл ,қалғанын жұмыс беруші толеп отыр ,бизден көп ұстап қалып отырғой сонда я
Жауап беру
Ж
Жадыра 18.01.2021
Пособияға пенсияға болашақта қандай да бир комеги тиеді ме?
Жауап беру
Э
Эл 18.01.2021
Америкаға қарап солай қарай бағыт алған түрлерңғои, перевязкаға барсаң, бинт өзіңен перекис , спирт ,сонда қаида кетті аударған ақша, жирные вопросы можно ставить бесконечно.
Жауап беру
Н
Нурзия 17.01.2021
Сактандырылмаган болсакда.терапевт маман тегин карауга миндетигой солайма менин тусинигим бойынша.ал егер ол жолдама мен басга маманга жиберетин болса платны болады солайма?
Жауап беру
Н
Нурзия 17.01.2021
Сактандырылмаган болсакда.терапевт маман тегин карауга миндетигой солайма менин тусинигим бойынша.ал егер ол жолдама мен басга маманга жиберетин болса платны болады солайма?
Жауап беру
С
Салтанат 17.01.2021
Бир жылда жиналган акшамыз неге жыл сонында куйип кетеди,неге жинакталатын етип коймаган,занды шыгаргагдар акылды,калгандары акымак па сонда???
Жауап беру
Г
Гульнур 17.01.2021
Өте дұрыс пікір, қолдаймын
Жауап беру
Н
Нургуль 17.01.2021
Емханага барып коринейин десен,орын жок бул айга деп шыгады ,сонда аурып турган адам не истейди уакытылы коринбесе,мед страховканы не ушин устайды сонда
Жауап беру
Н
Нұрбибі 17.01.2021
Қызылорда облысы Арал ауданы Қамыстыбас ауылынадаберілема.Менің екі балама бар үй жоқ кв тұрып жатырмынғо мүгедек 8 жастаөзімде мүгедекпін
Жауап беру
С
Сауле 17.01.2021
Алматы обл, Карасай ауданы. Улым мугедек 7 жаста, Козин карту ушин еиханадан жолдама берди КазИИ глаз.боль, хабарласып жазылайын десем, диагностика акылды дейди. Даригердин кенеси 6000тг, УЗИ - 6500тг, ЭЭФ козге 5500 тг басталады, 12000тг болуы мумкин .Сонда барлыгын команда 25-30000тг акша керек екен. Сонда биз ушин мемлекеттен болинип жаткан каражат кайда?
Жауап беру
Р
Роза 17.01.2021
Шынында тегін көрініп жатқан жоқпыз, дәрілері жиі қалмай қалады, қариялардың тегін дәрілері де уақтылы берілмейді, аппараттары жоқ, сандалып жүреміз, поликлиникалар тек қағаз жазуы мен қай жерде не тапсыру керек екенін айтып, жіьеріп отыратын орталық боп жатыр. Жеке кәсіпкерлер мемлекеттен бай болған заман, дәрігерлердің біліктілігі өзге тақырып.
Жауап беру
У
Умит 17.01.2021
Каралайын десен окулистке 1жыл болуга калдыго енди орын жок жазылуга записке дейд. Сылтаума айтеуир емделмек тугел карала алмайсын. Не ушин бизден медстрахов-га устап отыр карамайтын болса.
Жауап беру
Б
Бота 17.01.2021
Коп балалыларга тегин бе оларда толейме мен тегин деп естидим распа
Жауап беру
Ж
Жанар 17.01.2021
Через терапевты эндокринолог, не болмаса окулисте барайын десеңде, вечно орын жоқ. Толып қалған. Жүргенің сол платныйды аралап.
Жауап беру
М
Маржан 17.01.2021
Сақтандыруы бар пациенттерге физиолечение тегінбе, әлде ақылымаМаржан
Жауап беру
Г
Гульдана 17.01.2021
Я күні кеше баламды мантуға апарсам,дет.Терапевт кабинетінде 1ящик мандарин тұр оны ішіндегі медиктің біреуі жепп отыр,бізден қысылмайды. Қасындағысына жейсіңбе деп қояды.Шығып бара жатсам,тағы 2ящик әкеліп кіргізіп жатыр.
Жауап беру
Г
Гүлнар 17.01.2021
мектеп оқушыларын тегін емдейді дейді.бірақ та тұмауратып болмаса немесе басқа да ауырып апарсақ ешқандай тегін көмек көрмедік.бар дәріні,уколын түгел удай бағаға сатып аламыз.шағын стационарда ең болмағанда5-күндік жеңілдік жоқ.осы жайлы түсіндіріп берсеңіздер.ауылды жер болған соң солай ма?
Жауап беру
Б
Бибигуль 17.01.2021
Полный гавно это мед.страховка. Потому что всё равно многие анализы платные. Была у гинеколога, сдала анализы платные. А теперь мне операция нужна мини, а там портал не могут отправить. Потому что в тех мед.учреждениях эту операцию не делают и придется к частному. А в частных там за эту операцию просят 100 тысяч. Это разве нормально? Зачем нам это мед.страховка? Одни нервы только....
Жауап беру
Қ
Қаракөз 17.01.2021
Жақсы ұстасын бірақ жылдың соңында қалған ақшаны жиналып тұрған еңбек ақыны өзімізге берсін, сосын бір жерге барып қаралайынидесең кез келген жер қарамайды бәрі ақша алғысы келіп тұрады өзіміздің тіркеуде тұрған емхана дұрыс қарамайды ішіне кірсең емхана емес базарға кіргендей боласың!!!
Жауап беру
A
Asyl 17.01.2021
Донорды кайтыс болганнан кейин дайындау деген не? Алде
Жауап беру
A
Asyl 17.01.2021
Донорды кайтыс болганнан кейин дайындау деген не? Алде
Жауап беру
A
Asyl 17.01.2021
Донорды кайтыс болганнан кейин дайындау деген не? Алде
Жауап беру
Л
Лаура 17.01.2021
Неге жылына бір рет өтетін мед.о смотр.тегін болмайды. Айына жалақымыздан сақтандыруға ұстап отырса да ақылы өтіп жүрміз
Жауап беру
Е
Енлик 17.01.2021
Мен қаңтар айынан бастап толедім.енді ауруханага барып рентген отейін десем статусының сактандырылмаган деді,сактандыргыныз келсе 2020толык толеген кеиін сактандыруга жатасыз деп шыгарыа салды .осы каншалыкты заңды.
Жауап беру
Р
Рау 17.01.2021
Сақтандыруға ақшаны текке төлейміз. Емханада барлық дәрігерге талон жоқ. Ақылыға барасың. Екі жаққа шығын
Жауап беру
Л
Лейла 17.01.2021
Жумыс истемейтин Адам. Уш ай Толе,осы жылга,сосын караласын диди.ол уш ай откенде,аурып журе беру керек па
Жауап беру
А
Алма 17.01.2021
Отирик нарсе бардык емханага терапевт карады жолдама берди ары карай нагыз керектинин бари акылы, тегин отуге болады куту уакыты ай айжарым, депутаттын айлыгын шайлыгын кобейтуге турли себеппен акша халыкты тонаудын бир туйир кози. Армен карай т.б. демекши толып тур карын тойгызар толейтин халык нанын жырып билик байгустары. Аштан келген немелер
Жауап беру
Н
Назгүл 17.01.2021
Қайдағы қарамайды ақша бермесең.Мысалы больницаға жатсаң шприцке дейін апарып бересің.олар тек салып береді болды
Жауап беру
А
Айсулу 17.01.2021
Тісті емдеуге препаратка аллергияны анвқтауға арналған тест тегін болу керек пе? Егнр осмс бар болса
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл