Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Медпойыз-2023: жоба аясында 27 мыңға жуық адам көмек алды
Жаңалықтар

Медпойыз-2023: жоба аясында 27 мыңға жуық адам көмек алды

20.07.2023
2 мин
0
314
Фото: rail-news.kz

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 17 шілдесі аралығында Алматы, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының, сондай-ақ Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарының 47 шалғай станциясында болды. 27 мыңға жуық адам кәсіби медициналық көмек алды, деп хабарлайды Dauletten.kz Қазақстан темір жолы баспасөз қызметіне сілетеме жасап.

1854 тұрғынға тегін заңгерлік және медиативтік көмек көрсетіліп, 318 медиативтік келісімге қол қойылды, өйткені биылғы жылы медициналық қызметкерлермен бірге пойызда медиаторлар мен заңгерлер де бар. 

Аталған кезеңде «Саламатты Қазақстан» дәрігерлері шалғайдағы станциялардың 26 618 тұрғынын, оның ішінде 6030 баланы, 20 588 ересек адамды тексерді.

Олардың ішінде төмендегі көмек алғандар саны: 

  • шағын хирургиялық операциялар — 2423; 
  • жалпы практика дәрігері/терапевт/педиатр — 8041; 
  • хирург — 10 010; 
  • уролог — 7926; 
  • невропатолог — 8703; 
  • офтальмолог — 12622; 
  • ЛОР — 7728;
  • акушер-гинеколог — 2488; 
  • стоматолог — 6435; 
  • кардиолог — 1489; 
  • психолог — 56; 
  • ЭКГ өткізілді — 3737; 
  • УДЗ — 7904;
  • ФЛГ — 1161; 
  • ЭхоКГ — 834.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл