Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мектепке дейінгі білім беру педагогтарының жалақысы 30%-ға дейін өседі
Жаңалықтар

Мектепке дейінгі білім беру педагогтарының жалақысы 30%-ға дейін өседі

23.06.2023
3 мин
5
1447
Фото: Ақорда

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Президентпен кездесіп, есеп берді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Баяндама барысында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді.

  • Қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі педагогтардың еңбекақысы 30 пайызға өседі;
  • Жыл соңына дейін балабақшаларда 81 мың орын ашу жоспарланып отыр;
  • Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 98 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі;
  • Педагогтарды аттестаттау рәсімі жетілдіріліп жатыр. Енді олардың кәсіби біліктілігі пәнді қаншалықты жақсы білетініне қарай, ал жұмысының нәтижесі білім алушылардың оқу жетістіктері негізінде бағаланады;
  • Биыл 1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ білім беру ұйымдарын дабыл түймелерімен, лицензиясы бар күзетпен, турникеттермен және жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жоспарланып отыр;
  • Биыл техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің 80 пайызы тегін оқиды. Қыркүйек айынан бастап олардың шәкіртақысы 50 пайызға, ал келесі жылы 100 пайызға артады. Кәсіпорындар колледж түлектерін міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартымен мамандарды мақсатты даярлау ісіне алғаш рет атсалысып отыр.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
5 Пікір
А
Алмас 24.10.2023
Осы көтеру туралы приказ номерын, шыккан кунын жазып жыберынызшы
Жауап беру
А
Анар 14.09.2023
Мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне 30% қоса ма?
Жауап беру
А
Аида Досжанова 24.06.2023
Жария жар салып, бәрібір мұғалімнің жалақысымен теңеспейді. 20 000 тг қосатыны. 91000 окладка????‍♀️тәрбиешілердің еңбегіносы 20000 тг. Лайықтыма. Мына қымбатшылық заманда түкте келмейді. Сұмдық ай
Жауап беру
Э
Эльмира 23.06.2023
Дұрыс, бәрі жақсы. Ал сол жалақыны есептейтін есепшілердің жалақысын қашан өсіресіздер? Қаншама отчет, задание жасап, қандай жауапкершілігі мойнында есепшілер тех .персоналмен теңестіріп тастадыңыздар.
Жауап беру
П
Перизат 23.06.2023
Есепшілер есебін тауып басқаша жеп жүр көріп отырмыз
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл