Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Мектепке жол» акциясымен кімдер көмек ала алады?
Жаңалықтар

«Мектепке жол» акциясымен кімдер көмек ала алады?

02.08.2023
1 мин
7
1619
Фото: Aikyn.kz

Биыл Астана қаласы бойынша «Мектепке жол» акциясымен 22 700 балаға көмек көрсетіледі, деп хабарлады Dauletten.kz.

  Күні кеше Елордада Жалпыға міндетті білім беру бағдарламасы бойынша «Мектепке жол» акциясы басталды. Акция бойынша төмендегі талаптағы отбасының балалары көмек алады:

- жалпыға міндетті білім беру бағдарламасы аясында атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;

- атаулы әлеуметтік көмек  алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар; 

- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 

- төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан және басқа санаттағы балалар; 

- қиын  жағдайға тап болған, оның ішінде мүгедек балалары бар жағдайы төмен отбасылар.  

Бірінші бағыт бойынша бюджет қаражаты есебінен 14 200 балаға көмек берілетін болады. Ол үшін ата-аналар мектепке барып өтініш жазып, банкте арнайы шот ашуы қажет. Осы жылы жалпыға міндетті оқу қорынан көрсетілетін қаражаттың көлемі 41 мың теңгені құрайды. 

Екінші бағыт бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша аудан әкімдіктерімен бірлесіп демеушілік қаражаты есебінен әлеуметтік осал санаттағы 8 500-ден астам баланы қамту жоспарлануда. 

Материалдық көмекті ала алатын отбасыларға төмендегі санаттар жатады:

- көпбалалы отбасылар; 

- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушылар. 

Егер отбасы аталған санаттарға жататын болса, онда балалардың ата-аналары мектепке растайтын құжаттарды ұсынуы керек. Қажетті құжаттар туралы ақпаратты мектептер ұсынады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
7 Пікір
М
Молдир 03.08.2023
Салеметсиз бе,биз мысалы коп балалы отбасымыз, алеуметтик комек алатын топка да жатамыз, бирак биздин Мектеп интернат болгары ушин биз ондай комек алмаймыз неге?интернатта жатпайды баламыз, ешкандай бизге камтамасыз етип отырган дымдары жок
Жауап беру
Н
Назипа 03.08.2023
Сәлеметсізбе. Көпбалалы отбасымыз жолдасым әскери қызметкер ең төменгі жалақы алады, мен декретте отырмын, күн көріс табысымыз адам басына шаққанда жетпейтін болып шықты бірақ жолдасыңыз квартирный алад деп бермей қойды. Ол ақша ипатекаға кетіп қолымызға бір тиында тимейді. Осының жауабын нақты білгім келеді
Жауап беру
Д
Динара 03.08.2023
Толық емес отбасымын, бірақ күн көрісі асып кетеді деп берген жоқ, дұрыс осы балдарды асырау үшін жұмыс істеймін, ал АСП алатындар дайын ақшаға тар болар тақы балалардың әкесі де шешесі де бар . Бұл әділ ма ? АСП алатындар ҒА біреу жұмыс істеп ақша табамын десе жоқ демейміз.
Жауап беру
S
Saltanat 02.08.2023
Копбалалы ата-аналарга комек корсетиледи деп барлык жерде жазасыздар, алайда, шын манинде АСП алсан гана бериледи ол комек. Сонын озинде жыл сонында гана. Неликтен сонша керемет етип жазасыздар? Шын манинде коп копбалалы отбасылар дым да комек ала алмайды!
Жауап беру
Э
Эльвира 02.08.2023
Мектеп социологы АСП алсаң береміз деді. Көп балалымыз. Толық емес отбасынан . Сондада әуре болма деді
Жауап беру
Ж
Жасұлан 03.08.2023
Қай облыс?
Жауап беру
С
Самал 02.08.2023
Мектеп социологы тек кана Асп алатындарга беремыз деды
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл