| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты мектептерде бітіру кештері мен бірқатар мерекелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Құзырлы органдар бұл шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын мәлімдеді, — Dauletten.kz.
Білім беру саласына жауапты органдардың хабарлауынша, оқу жылының аяқталуы – оқушылар үшін маңызды әрі жауапты кезең. Дегенмен, осы уақытта балалардың қауіпсіздігін сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарда болады.
Осыған байланысты мектептерде бітіру кештерін, банкеттерді, автокортеждерді ұйымдастыруға, түнгі мерекелік жиындар өткізуге және алау жағу сияқты іс-шараларға қатаң тыйым салынды.
Сонымен қатар мейрамхана, кафе, банкет залдары, асхана, демалыс орындары мен табиғат аясында өтетін кез келген салтанатты жиындарға да шектеу енгізілді.
Құзырлы органдардың мәліметінше, мектептерде оқушылар мен ата-аналардан ақша жинауға жол берілмейді. Бұл талап мерекелік шараларға, сыйлықтарға және өзге де жарналарға қатысты барлық қаржылық жинақтарды қамтиды.
Мамандар бұл шешім ата-аналарға артық қаржылық жүктемені азайту және оқушылардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында қабылданғанын атап өтті.
Сонымен қатар мектептерде тек тәрбиелік және мәдени-ағартушылық бағыттағы, қаржылық шығынды қажет етпейтін іс-шаралар ғана ұйымдастырылатыны айтылды.
Тиісті бақылау органдары аталған талаптардың орындалуын қатаң қадағалайтынын жеткізді.