| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
 
                                Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы бұл айтулы күнді Америка халқының табандылығы мен өршіл рухының, бостандық және демократия қағидаттарына мызғымас беріктігінің символы ретінде атап өтті.
– Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын. Сондай-ақ халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенімді жеткіземін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
                                                                    
                                
                                
                                
                               
                            