Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

17.02.2025
1 мин
0
145
Сурет: Aqorda

Берік Асылов еліміздегі заң үстемдігінің жай-күйі және қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Криминогендік жағдай және қылмыстық-құқықтық саладағы азаматтардың конституциялық қақын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жөнінде есеп берді:

      – прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу сатысында 32 мыңнан астам заңсыз шешімді тоқтатқан, бұл істер Қылмыстық-процестік кодекске сай келмейді. 4 мың азаматтың қылмыстық іске негізсіз тартылуына жол бермеген. Сонымен қатар заңсыз ұсталған 1,5 мыңнан аса адам босатылған;

      – Бас прокурордың қарсылығы негізінде Жоғарғы сот 150 тұлғаға қатысты істің мән-жайын оң бағытқа өзгертіп, соның ішінде 10 адам толық ақталған;

Әлеуметтік-экономикалық салада 81 мың кәсіпкердің, 979 мың зейнеткердің, халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарының және басқа да азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілгенін хабарлады. 123 мың жұмысшының еңбек құқығын бұзуға жол берілмеген. Жалпы сомасы 4,5 миллиард теңге болатын алимент бойынша қарыз өндірілген;

Былтыр мемлекет пайдасына 627 миллиард теңгеден асатын өтемақы қайтарылғаны жөнінде айтты;

Экономикаға 12 триллион теңгеден астам қаржы құйған 800 инвесторға прокурорлық көмек берілгенін айтты:

  – прокуратура актісі бойынша 136 лауазымды тұлға жауапқа тартылған;

    – прокурорлар инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың 712 шешіміне келісім бермеген;

  – инвестициялық жобаларға қолдау көрсету барысында "прокурорлық сүзгіні" пайдалану өз тиімділігін көрсеткен;

      – жалпыұлттық пулға енген жобалардың жүзеге асырылуын қадағалауға мүмкіндік беретін Цифрлы инвестициялық платформа белсенді қызмет атқарып келеді;

Қоғам назарын аударған бірқатар қылмыстық істі тергеу барысы жөнінде мәлімет берді;

Қылмысқа қарсы күресте цифрлық технологияларды жаппай енгізу жөнінде баяндады. Атап айтқанда, іздеуде жүрген азаматтарды "ақылды" бейнекамераның көмегімен табу (іздеуде жүргендер саны 9,4 пайызға азайды) тәсілі жолға қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Заң және тәртіп" қағидасын іске асыру, барлық салада заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, есірткі бизнесімен күрес, қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша құқық қорғау мен басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестірудің маңызын атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл