Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

24.04.2025
1 мин
0
106
Сурет: Dauletten.kz

2025 жылғы 24 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі бейбітшілік пен келісімді, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

"Парасат" орденімен

Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері мен қоғам белсенділері – Виктор Кист, Закиржан Кузиев, Бақытжамал Мақсилова, Геннадий Пуссеп сынды азаматтар марапатталды.

ІІ дәрежелі "Достық" ордені

Марапатталғандар қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының достық елшісі Малгожата Оборон-Туар, сондай-ақ Григорий Презент, Александр Папп секілді Ассамблея ардагерлері бар.

"Ел бірлігі" орденімен

Ұйғыр, шешен-ингуш, неміс, кәріс және басқа да этностардың мәдени бірлестіктерін басқарып жүрген ардагерлер мен жетекшілер – Долкунтай Алиев, Юсуп Келигов, Ольга Киколенко, Нәзипа Шанаи, Бронислав Шин және басқалар марапатталды.

"Құрмет" орденімен

Этномәдени орталықтар мен шығармашылық бірлестіктердің жетекшілері мен қоғам қайраткерлері – Байрамалы Ахмедов, Эрнест Вартересян, Қалқаман Жақып, Құралай Түспекова, Алексей Цеховой және басқа азаматтар иеленді.

"Шапағат" медалімен

Мәдениет, журналистика, театр және тіл үйрету салаларында белсенділік танытып жүрген Раимжан Алибаев, Дмитрий Маштаков, Анастасия Нұғұманова, Светлана Цой, Владислав Тен, Равиль Юнусов және тағы басқа 14 азамат марапатталды.

Аталған марапаттар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында елдегі қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтуға қосқан үлестері үшін берілді.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл