| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы «Болашақ ойындары – 2026» сайысының ашылу салтанатында сөз сөйледі, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
— Ең алдымен, бәріңізге елордамыз – Астанаға шын жүрегіммен қош келдіңіздер деймін! Бүгін біз «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық сайысын бастаймыз. Бұл – елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтатын мағынасы айрықша тарихи іс-шара. Дүбірлі дода биыл Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр. Біз үшін бұл – зор мәртебе, — деді Президент.