Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы қазақ елін Алғыс айту күнімен құттықтады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазақ елін Алғыс айту күнімен құттықтады

01.03.2026
мин
0
55
Сурет: Ақорда

Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауын жаряилады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

- Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың ең асыл құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке. Өзара құрмет көрсету, өзгеге жанашырлықпен қарап, шынайы тілеулес болу – ұлтымыздың бойына сіңген қасиеттер. Алғыс айту дәстүрі төл руханиятымыздың темірқазығы ретінде ел ішіндегі сенім мен бірлікті нығайтуға зор ықпал етіп келеді. Жақындарымызға алғыс айту – оларға рухани қолдау көрсету, қиын кезде қол ұшын созу деген сөз. Қазіргі құбылмалы заманда бұл қасиеттің мән-маңызы ерекше. Біз осы мейрамда ең алдымен қиын-қыстау жылдары елімізді аман сақтап, ұрпаққа аса құнды әрі мол мұра қалдырған ата-бабаларымызға тағзым етеміз. Ұстаздарға, дәрігерлерге, мәдениет саласы қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, жұмысшыларға, тәртіп сақшыларына, өрт сөндірушілерге, құтқарушыларға және адал еңбегімен сүйікті Отанымыздың өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген барша азаматқа алғыс айтамыз. Сондай-ақ жастарға және еріктілерге ерекше ризашылығымды білдіремін. Белсенді азаматтық ұстанымы бар, қоғам игілігі үшін еңбек етуге әзір, мұқтаж жандарға көмектесуге дайын адамдардың еңбегі ерен. Бұл – Жасампаз әрі Жауапты отаншылдықтың айқын көрінісі. Еліміз ауқымды әрі тарихи бетбұрыс кезеңіне қадам басты. Республикалық референдумға шығарылған жаңа халықтық Конституцияның жобасы адам құқықтарын қорғау жүйесін жақсартуға, билік институттарының жауапкершілігін күшейтіп, тиімділігін арттыруға, қастерлі Тәуелсіздігіміз бен Егемендігімізді нығайтуға мүмкіндік береді. Жаңа Ата Заң бәріміз бір ел болып іргесін қалап жатқан жарқын болашаққа жол ашады. Алғыс айту күні ел тағдыры әрбір азаматтың қолында екенін аңғартады. Себебі алдағы өзгерістердің табысты жүзеге асырылуы жұртымыздың бірлігіне, парасаттылығына және саналы азаматтық ұстанымына байланысты екені сөзсіз. Біз Заң мен Тәртіп, тілектестік пен ынтымақ қағидаларын басшылыққа алып, салт-дәстүрімізді сақтай білсек, Қуатты, Әділетті, Таза, Өркендеген Қазақстанды құра аламыз. Татулық пен өзара сенімді нығайта отырып, қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасын көркейту жолында биік мақсаттарымызға бірге жетеміз деп сенемін. Баршаңызға амандық, табыс тілеймін!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл