Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы съезден бері әлемде жағымсыз үрдістердің күшейгенін атап өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президенттің сөзінше, бірқатар елдерде саяси тұрақсыздық пен идеологиялық қақтығыстар өршіп келеді.
– Әсіреұлтшылдық пен жалған патриотизм күн санап белең алып барады. Бұл жастардың көзқарасына әсер етеді. Қазақстанда мұндай келеңсіз әрекеттерге жол берілмейді. "Бірлігіміз – әралуандықта" қағидатына қайшы қадамдарға заң аясында қатаң тосқауыл қойылады, – деді Тоқаев.
Сонымен қатар Президент елде соңғы жылдары саяси жүйені демократияландыруға бағытталған ауқымды өзгерістер жүзеге асқанын еске салды. Оның ішінде Конституциялық соттың құрылуы, омбудсмен институтының күшеюі және конституциялық реформалар бар.
– Біз "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидатын негізге алдық. Президентті жеті жылға бір рет сайлау тәртібі енгізілді. Жақын туыстардың саяси лауазымдарға орналасуына тыйым салынды. Алдағы уақытта бірпалаталы Парламент құру бастамасы талқылануда, – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаевтың айтуынша, ел ішіндегі басты мақсат – қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.