| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
 
                                Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңір тұрғындарымен кездесіп, ой-пікірлерімен бөлісті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
– Жастарымыз – дарынды, қабілетті. Оларға дұрыс бағдар көрсетіп, жақсы тәрбие беру маңызды. Қазіргі заманда есірткі мен нашақорлық сияқты сын-қатерлер аз емес, – деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы елді өркендету жолындағы бастамаларға тоқталып, «Таза Қазақстан» акциясын жүргізу, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, атом электр стансаларын салу секілді жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
– Су тапшылығына ерекше назар аударуымыз керек. Келешекте су мол болады деп айта алмаймыз, сондықтан дайын болуымыз қажет. Су үнемдеудің озық технологияларын қолдану маңызды. Мемлекет осы бағытта субсидиялар беріп жатыр: биыл ауыл шаруашылығына 1 триллион теңге бөлінді. Бұл – үлкен мүмкіндік, – деді Мемлекет басшысы.
Мәдениет пен білімге ерекше мән беретін Президент Астана мен Алматыдағы Президенттік кітапханалардан кейін, Қызылордада үшінші кітапхананы салу жоспары бар екенін мәлімдеді.

                                                                    
                                
                                
                                
                               
                            