493.85
571.78
6.25
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекет биыл да жалдамалы пәтер шығынын жартылай өтейді
Жаңалықтар

Мемлекет биыл да жалдамалы пәтер шығынын жартылай өтейді

10.03.2026
мин
0
169
Сурет: primeminister.kz

Жалдамалы тұрғын үйді жалға алу шығынын мемлекет жартылай субсидиялайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Мемлекет биыл да тұрғын үйді жалдау мен жеңілдетілген ипотека бағдарламаларын қолдауды жалғастыруда. Пәтерді жалдау ақысының 50%-ын мемлекет өтейтін болады.

- Тұрғын үй саясатын біртіндеп енгізу азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін өте маңызды. Өткен жылы азаматтарға шамамен сегіз мың жалдамалы тұрғын үй және он бір мыңнан астам жеңілдетілген ипотекалық несие берілді, – деді Ерсайын Нағаспаев.

Министрдің айтуынша, тұрғын үй туралы заңға енгізілген түзетулер бойынша бұрын «сатып алу құқығы жоқ» жалдамалы пәтерлерді жекешелендіруге рұқсат берілген. Нәтижесінде 15 мыңнан астам азамат өз тұрғын үйін жеке меншігіне рәсімдеген.

Сонымен қатар, биыл да жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы сол көлемде жалғасады. Мысалы, үйді 300 мың теңгеге жалға алған жағдайда оның 150 мың теңгесін мемлекет өтейді. Бұл көмек шынайы мұқтаж жандарға көрсетіледі.

Бұдан бөлек, 11 мыңнан астам азамат мемлекеттік қолдауға ие болды, ал бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 7,6 миллиард теңге бөлінді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл