Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Мемлекет қаржысына түсірілген 600-ден аса фильмнің тек біреуі ғана өз шығынын ақтаған» – Дәулет Мұқаев
Жаңалықтар

«Мемлекет қаржысына түсірілген 600-ден аса фильмнің тек біреуі ғана өз шығынын ақтаған» – Дәулет Мұқаев

17.01.2024
1 мин
0
650

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Ұлттық киноның сапасына қатысты ҚР Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдады. Сауалында бірқатар нақты деректерді келтіріп, Ұлттық кино орталығына бөлінетін мемлекет қаржысының тиімсіз жұмсалып жатқандығын тілге тиек етті.

Дәулет Мұқаев – ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты:

«Мысалы, 2019-2023 жылдар аралығында отандық 100 фильмге шамамен 23 млрд. теңге бөлінген. Ең қызығы оның барлығы 100 пайыз игерілген. Есебі тапсырылып, кино түсірілген.

Енді қараңыздар, Atlas entertainment компаниясы түсірген отандық «Время патриотов» фильміне 1 млрд. қаржы жұмсалса, оның кассалық жинағы небәрі 10 миллион теңге. Бұл кеткен соманың 1 проценті ғана».

Нақты деректерді мысалға алған мәжілісмен Тәуелсіздік алғалы бері мемлекет қаржысына түсірілген 600 шақты фильмнің тек біреуі,  яғни «Дос-Мұқасан» фильмі ғана өз шығынан ақтағанын атап өтті.

Дәулет Мұқаев – ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты:

«Ол – жарнаманың әлсіздігі, оған арнайы қаражаттың қарастырылмауы. Мемлекет қолдауымен түсірілген фильмдердің жарнамасы жоқтың қасы. Қаншама фильмдер түсіріліп, шаң басқан архивтерде жатыр. Тәуелсіздіктен бері қарай мемлекет қаржысына 600-ден аса фильм түсірілсе, соның ішінде өз-өзін ақтап, пайдаға шыққан фильм тек «Дос-Мұқасан». ғана».

Сөз соңында депутат кино индустрияның экономикадағы қозғаушы драйвер екендігін айтып, мемлекеттен қаржылық қолдау алуға үмітті киножобаларымен келген киногерлерді қолдаудың жан-жақты механизімін жетілдіру қажет деген ұсынысын жеткізді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл